Алматы облысына жарты жылда 171,5 млн доллар шетелдік инвестиция тартылды

© Photo : Steve BuissinneМонета, архивтегі фото
Монета, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.12.2022
Жазылу
АЛМАТЫ, 17 желтоқсан – Sputnik. Бірінші жарты жылдықта Алматы облысына $171,5 млн тікелей шетелдік инвестиция тартылды. Бұл туралы ұлттық экономика вице-министрі Ілияс Өсеров Алматыда өткен "Туған жерге тағзым" атты инвестициялық форумында айтты, деп хабарлады ұлттық экономика министрлігі.
Вице-министр Қазақстан Орталық Азия өңіріндегі барлық салымның шамамен 70%-ын жинақтай отырып, шетелдік инвестицияларды тарту бойынша сөзсіз көшбасшы болып саналатынын және бұл ретте әрбір өңірдің, оның ішінде Алматы облысының да үлесі бар екенін атап өтті.
"Осы жылдың бірінші жартыжылдығында Алматы облысына тартылған тікелей шетелдік инвестициялның көлемі 171,5 млн доллар болды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 31,6%-ға артық. 2022 жылдың 11 айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 501,9 млрд теңгеге жетті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,3%-ға жоғары", - деп нақтылады Ілияс Өсеров.
Биыл маусым айында 2026 жылға дейінгі Инвестициялық саясат тұжырымдамасы қабылданды. Құжат жаңа инвестициялық циклді қалыптастыруға және жаңа трендтерді, оның ішінде ESG стандарттарын ескере отырып, инвестиция тарту саясатын қайта қарауға мүмкіндік береді.
"Тұжырымдаманы іске асыру аясында үкіметке 2026 жылға қарай негізгі капиталға 34,6 трлн теңгеге дейін инвестиция тарту жөнінде талап қойылды. Жалпы республикалық көрсеткішке қол жеткізу үшін 2022 жылы Алматы облысында негізгі капиталға 655,2 млрд теңге инвестиция тарту міндеті тұр. 11 айдың қорытындысы бойынша Алматы облысы жылдық жоспарды 76,6% орындады", - деп толықтырды Өсеров.
Сондай-ақ ол "Астана" халықаралық қаржы орталығында инвесторларға бизнесті жүргізу үшін бұрын-соңды болмаған жағдай жасалғанын еске салды. Мысалы, 50 жылға дейінгі салықтық жеңілдіктер мен жеңілдетілген валюталық, визалық және еңбек режимін атауға болады. Ағылшын құқығына негізделген тәуелсіз сот және Халықаралық арбитраж орталығы әділеттілік пен инвесторлардың құқықтарын қорғауға кепілдік береді.
Жаңалықтар
0