Әділбек Мусин жүзуден әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

© Photo : сайт НОК КазахстанаӘділбек Мусин, архивтегі фото
Әділбек Мусин, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.12.2022
Жазылу
АСТАНА, 17 желтоқсан – Sputnik. Қазақстандық Әділбек Мусин қысқа қашықтыққа жүзуден әлем чемпионатының жартылай финалына шықты. Турнир Мельбурн (Австралия) қаласында өтіп жатыр.
100 метр қашықтыққа баттерфляй әдісімен жүзу қорытындысы бойынша Мусин 50,64 секунд нәтиже көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл оған Қазақстанның жаңа рекордын орнатуға мүмкіндік берді.
Қорытынды хаттамада қазақстандық 16-орынға көтеріліп, әлем чемпионатының жартылай финалына шықты.
Жаңалықтар
0