https://sputnik.kz/20221216/qazaqstan-khalqy-tauelsizdik-kuni-30387072.html
Қазақстан халқы Тәуелсіздік күнін атап өтіп жатыр
Қазақстан халқы Тәуелсіздік күнін атап өтіп жатыр
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 16 желтоқсан – Sputnik. Бүгін Қазақстанда ұлық мереке – Тәуелсіздік күні. Биыл республиканың Тәуелсіздік алғанына 31 жыл толып отыр. 16.12.2022, Sputnik Қазақстан
2022-12-16T08:00+0500
2022-12-16T08:00+0500
2022-12-16T08:02+0500
қоғам
тәуелсіздік күні
https://sputnik.kz/img/07e5/02/16/16349437_0:97:3295:1950_1920x0_80_0_0_ad616ec3b9d597dec2243864919a1a08.jpg
АСТАНА, 16 желтоқсан – Sputnik. Бүгін Қазақстанда ұлық мереке – Тәуелсіздік күні. Биыл республиканың Тәуелсіздік алғанына 31 жыл толып отыр.Қазақстан қашан тәуелсіздік алды1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан тарихының жаңа дәуірі басталды. Сол күні елдің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы" Конституциялық заңға қол қойды.1991 жылы Кеңес одағы ыдырап, оның құрамындағы елдер өз алдына жеке мемлекет болып жатты. Солардың қатарында Қазақстан да бар еді. 1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстанның Жоғарғы кеңесі "Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы" заң қабылдады. Қазақстан одақ құрамындағы елдер арасында мемлекеттік егемендігін ең соңғы болып жариялады.Ал биыл Қазақстанның тәуелсіз ел атанғанына 31 жыл толып отыр.Мейрамның мәртебесі өзгердіБұрын Тәуелсіздік күні еліміздің басты ұлттық мерекесі саналатын. Бірақ осы жылы заңға тиісті өзгерістер енгізіліп, мейрам "ұлттық мереке" мәртебесінен айырылды. Бұдан былай ол мемлекеттік мереке және тәуелсіздік алуға зор үлес қосқан ұлттық батырларымызға тағзым күні ретінде аталып өтеді.Ал 25 қазанда тойланып келген Республика күні күнтізбеге "ұлттық мейрам" ретінде қайта енді.Сондай-ақ биылдан бастап қазақстандықтар Тәуелсіздік күнін тек 16 желтоқсанда мерекелейді. Сәйкесінше, сол күні демалады. Ал 17 желтоқсан жұмыс күні болады.Бұған дейін заң бойынша Тәуелсіздік күні 16 және 17 желтоқсан аталып өтетін.Биыл қастерлі дата жұма күнге түсіп тұрғандықтан, халық 16, 17 және 18 желтоқсан күндері – қатарынан үш күн демалады.Астана мен Алматыда Тәуелсіздік күні қалай тойланадыЖылдағы дәстүр бойынша Тәуелсіздік күніне орай еліміздің түкпір-түкпірінде мерекелік концерттер мен тағылымы мол іс-шаралар өтеді.Мәселен, Астана қаласында 15 және 16 желтоқсанда NOMAD City Hall сахнасында Қ.Жүнісовтің "Алаш" драмасын тамашалауға болады. Басталуы – сағат 19.00-де.15-17 желтоқсан аралығында мереке құрметіне садақ атудан Астана Ашық кубогы өтеді.Биыл "Алғашқы қар" шаңғы маусымының ашылуы да атаулы күнге орайластырылған. Іс-шара 16 желтоқсанда шаңғы трассасында сағат 11.00-де басталады.16-18 желтоқсан аралығында Тәуелсіздік сарайында барлық жастағы және санаттағы жұптық билерден елорданың ашық чемпионаты ұйымдастырылады.Сондай-ақ 16-19 желтоқсан күндері елордада Ұлттық би спорттық ойындары өтеді. Ашылу салтанаты Бейбітшілік және келісім сарайында 17 желтоқсан күні 12:00-ге жоспарланған.Алматыда 16 желтоқсан Республика алаңында Тәуелсіздік монументіне, ал 17 желтоқсан 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының 36 жылдығы аясында "Тәуелсіздік таңы" монументіне гүл шоқтары қойылады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/02/16/16349437_283:0:3012:2047_1920x0_80_0_0_761141f0cf907fc8e5bb53f27f398d4b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
тәуелсіздік күні
АСТАНА, 16 желтоқсан – Sputnik. Бүгін Қазақстанда ұлық мереке – Тәуелсіздік күні. Биыл республиканың Тәуелсіздік алғанына 31 жыл толып отыр.
Қазақстан қашан тәуелсіздік алды
1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан тарихының жаңа дәуірі басталды. Сол күні елдің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы" Конституциялық заңға қол қойды.
1991 жылы Кеңес одағы ыдырап, оның құрамындағы елдер өз алдына жеке мемлекет болып жатты. Солардың қатарында Қазақстан да бар еді. 1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстанның Жоғарғы кеңесі "Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы" заң қабылдады. Қазақстан одақ құрамындағы елдер арасында мемлекеттік егемендігін ең соңғы болып жариялады.
Ал биыл Қазақстанның тәуелсіз ел атанғанына 31 жыл толып отыр.
Мейрамның мәртебесі өзгерді
Бұрын Тәуелсіздік күні еліміздің басты ұлттық мерекесі саналатын. Бірақ осы жылы заңға тиісті өзгерістер енгізіліп, мейрам "ұлттық мереке" мәртебесінен айырылды. Бұдан былай ол мемлекеттік мереке және тәуелсіздік алуға зор үлес қосқан ұлттық батырларымызға тағзым күні ретінде аталып өтеді.
Ал 25 қазанда тойланып келген Республика күні күнтізбеге "ұлттық мейрам" ретінде қайта енді.
Сондай-ақ биылдан бастап қазақстандықтар Тәуелсіздік күнін тек 16 желтоқсанда мерекелейді. Сәйкесінше, сол күні демалады. Ал 17 желтоқсан жұмыс күні болады.
Бұған дейін заң бойынша Тәуелсіздік күні 16 және 17 желтоқсан аталып өтетін.
Биыл қастерлі дата жұма күнге түсіп тұрғандықтан, халық 16, 17 және 18 желтоқсан күндері – қатарынан үш күн демалады.
Астана мен Алматыда Тәуелсіздік күні қалай тойланады
Жылдағы дәстүр бойынша Тәуелсіздік күніне орай еліміздің түкпір-түкпірінде мерекелік концерттер мен тағылымы мол іс-шаралар өтеді.
Мәселен, Астана қаласында 15 және 16 желтоқсанда NOMAD City Hall сахнасында Қ.Жүнісовтің "Алаш" драмасын тамашалауға болады. Басталуы – сағат 19.00-де.
15-17 желтоқсан аралығында мереке құрметіне садақ атудан Астана Ашық кубогы өтеді.
Биыл "Алғашқы қар" шаңғы маусымының ашылуы да атаулы күнге орайластырылған. Іс-шара 16 желтоқсанда шаңғы трассасында сағат 11.00-де басталады.
16-18 желтоқсан аралығында Тәуелсіздік сарайында барлық жастағы және санаттағы жұптық билерден елорданың ашық чемпионаты ұйымдастырылады.
Сондай-ақ 16-19 желтоқсан күндері елордада Ұлттық би спорттық ойындары өтеді. Ашылу салтанаты Бейбітшілік және келісім сарайында 17 желтоқсан күні 12:00-ге жоспарланған.
Алматыда 16 желтоқсан Республика алаңында Тәуелсіздік монументіне, ал 17 желтоқсан 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының 36 жылдығы аясында "Тәуелсіздік таңы" монументіне гүл шоқтары қойылады.