Петропавл тұрғындары тағы да жылуға қатысты шағымданып жатыр

© Sputnik / Мария ДевахинаБатарея
Батарея - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.12.2022
Жазылу
ПЕТРОПАВЛ, 16 желтоқсан - Sputnik. Бейсенбіден жұмаға қараған түні көптеген қызылжарлық батареядағы қатты дыбыстан оянды. Кейін ол суып кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Севказэнерго" АҚ баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бұған Петропавл 2-ші ЖЭО-ның турбина цехында түнгі сағат 02:30-да үш желілік сорғы тоқтап қалған.

"Станция қызметкерлері негізгі жабдықты қосу жұмыстарын жүргізді. Сағат 4:40-та гидравликалық режим қалпына келтірілді. Желілік судың айналымы тоқтаған жоқ. Қазіргі уақытта салқындату сұйықтығының температурасы норма бойынша 78 градус. 83 градусқа дейін көтерілді", - деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

Мамандардың айтуынша, салқындатқыштың температурасын көтеру жұмысы жалғасып жатыр. Ал әлеуметтік желіде бірқатар аудан тұрғындары жылуға байланысты шағымданып жатыр.
Жаңалықтар
0