https://sputnik.kz/20221216/oskemende-zheltoqsan-alauy-musindik-kompozitsiyasy-ashyldy-30397778.html
Өскеменде "Желтоқсан алауы" мүсіндік композициясы ашылды
Өскеменде "Желтоқсан алауы" мүсіндік композициясы ашылды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 16 желтоқсан – Sputnik. Өскеменде Тәуелсіздік күні мерекесіне орай желтоқсаншылардың рухына арналған “Желтоқсан алауы” мүсіндік композиция ашылды,деп... 16.12.2022, Sputnik Қазақстан
2022-12-16T19:21+0500
2022-12-16T19:21+0500
2022-12-16T19:21+0500
өскемен
мүсін
желтоқсан
https://sputnik.kz/img/00/46/004643_0:72:1400:860_1920x0_80_0_0_705b9facc746795b7ffbe4cc1547c4c0.jpg
АСТАНА, 16 желтоқсан – Sputnik. Өскеменде Тәуелсіздік күні мерекесіне орай желтоқсаншылардың рухына арналған “Желтоқсан алауы” мүсіндік композиция ашылды,деп хабарлайды Altaynews.kz .Жаңа нысан Ертіс жағалауындағы Ғашықтар аллеясы ауданында орналасқан. Композиция 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына арналады. Композицияның авторы – белгілі мүсінші Нұрбол Қалиев.Мүсіннің биіктігі 5 метрге жетеді. Мұз бейнесінде жасалған, оның дәл ортасында тәуелсіздіктің символы ретінде жалындаған алау бейнеленген. Сондай-ақ композицияның үстінгі бөлігінде қыран бүркіттің мүсіні орналастырылған.Мүсіндік композицияның ашылуына қала әкімі Жақсылық Омар мен 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының қатысушылары да келіп, гүл шоқтарын қойды.Сонымен қатар, мүсін орнатылған көшеге жақын арада Желтоқсан атауы берілмек. Бұрын атауы болмаған бұл көше Пермитиннен Қабанбай Батыр көшесіне дейін созылып жатыр.
өскемен
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/00/46/004643_80:0:1321:931_1920x0_80_0_0_6f6a533476f592a85ae2a3c892a05da0.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
өскемен, мүсін, желтоқсан
өскемен, мүсін, желтоқсан
Өскеменде "Желтоқсан алауы" мүсіндік композициясы ашылды
АСТАНА, 16 желтоқсан – Sputnik. Өскеменде Тәуелсіздік күні мерекесіне орай желтоқсаншылардың рухына арналған “Желтоқсан алауы” мүсіндік композиция ашылды,деп хабарлайды
Altaynews.kz .
Жаңа нысан Ертіс жағалауындағы Ғашықтар аллеясы ауданында орналасқан. Композиция 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына арналады. Композицияның авторы – белгілі мүсінші Нұрбол Қалиев.
Мүсіннің биіктігі 5 метрге жетеді. Мұз бейнесінде жасалған, оның дәл ортасында тәуелсіздіктің символы ретінде жалындаған алау бейнеленген. Сондай-ақ композицияның үстінгі бөлігінде қыран бүркіттің мүсіні орналастырылған.
Мүсіндік композицияның ашылуына қала әкімі Жақсылық Омар мен 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының қатысушылары да келіп, гүл шоқтарын қойды.
Сонымен қатар, мүсін орнатылған көшеге жақын арада Желтоқсан атауы берілмек. Бұрын атауы болмаған бұл көше Пермитиннен Қабанбай Батыр көшесіне дейін созылып жатыр.