Астанада жатақхана өртенді

© SputnikАстанадағы Оңтүстік-Шығыс шағын ауданында ірі өрт шықты
Астанадағы Оңтүстік-Шығыс шағын ауданында ірі өрт шықты - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.12.2022
Жазылу
АСТАНА, 16 желтоқсан – Sputnik. Астананың оң жағалауындағы Оңтүстік-Шығыс шағын ауданында өрт шықты.
Елорданың төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, жатақхана етіп жасалған екі қабатты коттедждің шатыры мен төбесі өртенген, жалын 150 шаршы метрді шарпыды.
Өрт сөндірушілер сағат 13.44-те Алматы ауданындағы Балқантау көшесі, 137 мекенжайына шықты.
Өрт сөндірушілер сағат 14:27-де өртті ауыздықтады. Тілсіз жауды жоюға жеке құрамның 20 адамы мен 4 техника жұмылдырылды.
Көмірқышқыл газына уланған 1971 және 1994 жылы туған екі адам ауруханаға жеткізілді. Екеуінің де жағдайы орташа ауыр, деп хабарлады төтенше жағдайлар департаменті.
Жаңалықтар
0