ҰҚШҰ бас хатшысы жыл қорытындысы бойынша баспасөз мәслихатын өткізеді

Станислав Зась - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.12.2022
Жазылу
19 желтоқсанда 16.30-да Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының бас хатшысы Станислав Зась баспасөз мәслихатын өткізеді
АСТАНА, 15 желтоқсан - Sputnik. Баспасөз мәслихаты Мәскеу - Астана - Бішкек - Ереван - Минск бейнекөпірі форматында өтеді.
Бас хатшы ҰҚШҰ-ның 2022 жылғы қызметінің қорытындысы мен қарашаның соңында Ереванда өткен ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті отырысының нәтижесі туралы айтады.
Сондай-ақ, Ұйымның жауапкершілік аймағындағы әскери-саяси жағдай, 2023 жылы төрағалық Армениядан Беларуське өткен кезде ҰҚШҰ алдында тұрған міндеттер мен басымдықтар сөз болады.
Қабылданған саяси қадамдар мен ҰҚШҰ-ның әскери әлеуетін арттыруға ерекше назар аударылады.
БАҚ өкілдері Sputnik Қазақстан баспасөз орталығындағы баспасөз мәслихатына қатысып, спикерге сұрақтар қоя алады.
Бейнекөпір Sputnik Қазақстан сайтында және ВКонтакте парақшасында көрсетіледі.
Sputnik Қазақстан баспасөз орталығы Астана, Қонаев көшесі, 10, 31-қабат. Аккредитация: sputnik.kazakhstan@gmail.com
Жаңалықтар
0