"Қазақ хандығы: Алмас қылыш" кинокартинасы Португалияда гран-при жеңіп алды

© Photo : kazakhfilmstudios.kzКостюмы для фильма
Костюмы для фильма  - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.12.2022
Жазылу
АЛМАТЫ, 15желтоқсан - Sputnik. Белгілі қазақстандық кинорежиссер Рүстем Әбдіраштың "Қазақ хандығы. Алмас қылыш" кинокартинасы ең үздік фильм деп танылып, Еуропалық Парламентпен бірлесіп Брага қаласында жыл сайын өтетін "BRAGACINE" тәуелсіз кино халықаралық фестивалінде гран-при бірінші орынға ие болды, деп хабарлайды сыртқы істер министрлігі.
Сондай-ақ кинофильм "Ең үздік режиссерлік жұмыс" номинациясында жеңіске де жетті.
"Біз бұл жобамен бірнеше жыл айналыстық және Қазақстанда бірінші болып толықметражды көркем фильм мен тарихи сериалды іске қостық. Менің ойымша, фильм тарихымызды тек біздің елімізде ғана емес, тыс жерлерде де көрсетуге лайықты", – деді кинорежиссер Рүстем Әбдіраш.
Қазақстандық фильмді көрген португалдық кино және теледидар саласындағы сарапшылар, сондай-ақ болашақ кинематографистер қазақ тарихымен, мәдениетімен және көшпелі өркениеттің өмірімен қызығушылықпен танысты. Кинофестиваль директоры, Минью университеті Кинематография институтының профессоры Артур Барроса Морейра Қазақстанның шығармашылық тобын құттықтай отырып, жеңімпаз фильмнің жоғары көркемдік деңгейін атап өтті.
Ол қазақстандық кинематографпен алғашқы танысу шынайы достық пен серіктестіктің бастамасы және жалғасын табатынына үміт білдірді. Фестиваль аясында бірнеше еуропалық дистрибьюторлар қазақстандық фильмді ағылшын тілді көрермен үшін прокатқа шығаруға ниет білдірді.
"BRAGACINE" - Португалияда 2003 жылдан бері өткізіліп келе жатқан және Еуропа, Америка және Азия фильмдерін жинайтын халықаралық тәуелсіз кинофестиваль. Биылғы жылы 20-шы мерейтойлық байқау округтің муниципалитеті басшылығының, саясаткерлердің, дипломаттар, танымал актерлер, сыншылар және Минью университетінің болашақ кинорежиссерларының қатысуымен "Braga Parque" ең үлкен кино орталығында өтті.
Жаңалықтар
0