Парламенттің бірлескен отырысы не үшін шақырылды

© Sputnik / Абзал КалиевЗаседание мажилиса парламента Казахстана
Заседание мажилиса парламента Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.12.2022
Жазылу
АСТАНА, 15 желтоқсан — Sputnik. Сенат депутаты Дана Нұржігіт парламенттің бірлескен отырысы не үшін шақырылғанын айтты , деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
19 желтоқсанда парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді. Күні кеше мәжіліс спикері тиісті өкімге қол қойды. Сенатор Дана Нұржігіттің айтуынша, отырыста жұмыс регламенті қаралады.
"Өздеріңіз білесіздер, парламент қызметіне байланысты бірнеше заңға өзгеріс енгізілген болатын. Осыған байланысты парламент жұмысының регламенті өзгеруі керек. Міне, 19 желтоқсанда өтетін парламент палаталарының бірлескен отырысында парламент жұмысының регламенті талқыланып, қабылданатын болатын. Күн тәртібінде осы мәселе ғана", - деді Нұржігіт сенат отырысы аясында
Жаңалықтар
0