https://sputnik.kz/20221215/oskemende-rekordtyq-dengeyde-qar-zhaudy-30363526.html
Өскеменде қардың рекордтық деңгейі жауды
Өскеменде қардың рекордтық деңгейі жауды
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 15 желтоқсан - Sputnik. Өскеменде соңғы алты жылдың рекордтық қары 30 сағат бойы тоқтаусыз жауған. Түскен қардың биіктігі бір метрден асты. Коммуналдық... 15.12.2022, Sputnik Қазақстан
2022-12-15T09:15+0500
2022-12-15T09:15+0500
2022-12-15T09:21+0500
қар
өскемен
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/07/18841735_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_0f106c4e796d348650f59aee7ab17943.jpg
АЛМАТЫ, 15 желтоқсан - Sputnik. Өскеменде соңғы алты жылдың рекордтық қары 30 сағат бойы тоқтаусыз жауған. Түскен қардың биіктігі бір метрден асты. Коммуналдық қызметтер көшелерді тазалауға үлгермей жатыр. Өңірдегі ауа райының қолайсыздығына байланысты жолдар жабылды, оқушылар қашықтықтан оқуға ауыстырылды, деп хабарлайды "Астана ТВ".Қазір қалың қармен 200-ден астам коммуналдық қызметкерлер күресіп жатыр. "Автобустар жүретін барлық негізгі магистральдар ашық, таңертең автобус құрамының 207 бірлігі шықты. Ауа-райының қолайсыздығымен біз күресеміз. Жұмыстар қаланы толық тазартқанға дейін жұмыс жалғасады", - деді Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Денис Федченко. Қала тұрғындары әлеуметтік желілерде қарлы тосынсыйлармен бөлісіп жатыр. Біреу қар астында билейді, біреу қар ваннасын қабылдауға тырысатын үй жануарларымен экстремалды серуенге шығады, тіпті "көлігіңізді табыңыз" деген хэштегпен челлендж ұйымдастырған. Түнде Өскеменде ауа температурасы минус 34 градусқа дейін төмендеді. Аяз барлық мереке күндері жалғасады деп күтілуде, ал келесі аптада аймақ тағы да екі күндік қардың құрсауында қалады деп болжанған.
өскемен
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/07/18841735_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_bf9d47d15313e768396b86afbdcd8b67.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қар, өскемен
Өскеменде қардың рекордтық деңгейі жауды
09:15 15.12.2022 (жаңартылды: 09:21 15.12.2022) АЛМАТЫ, 15 желтоқсан - Sputnik. Өскеменде соңғы алты жылдың рекордтық қары 30 сағат бойы тоқтаусыз жауған. Түскен қардың биіктігі бір метрден асты. Коммуналдық қызметтер көшелерді тазалауға үлгермей жатыр.
Өңірдегі ауа райының қолайсыздығына байланысты жолдар жабылды, оқушылар қашықтықтан оқуға ауыстырылды, деп хабарлайды
"Астана ТВ".
Қазір қалың қармен 200-ден астам коммуналдық қызметкерлер күресіп жатыр.
"Автобустар жүретін барлық негізгі магистральдар ашық, таңертең автобус құрамының 207 бірлігі шықты. Ауа-райының қолайсыздығымен біз күресеміз. Жұмыстар қаланы толық тазартқанға дейін жұмыс жалғасады", - деді Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Денис Федченко.
Қала тұрғындары әлеуметтік желілерде қарлы тосынсыйлармен бөлісіп жатыр. Біреу қар астында билейді, біреу қар ваннасын қабылдауға тырысатын үй жануарларымен экстремалды серуенге шығады, тіпті "көлігіңізді табыңыз" деген хэштегпен челлендж ұйымдастырған.
Түнде Өскеменде ауа температурасы минус 34 градусқа дейін төмендеді. Аяз барлық мереке күндері жалғасады деп күтілуде, ал келесі аптада аймақ тағы да екі күндік қардың құрсауында қалады деп болжанған.