https://sputnik.kz/20221215/densaulyq-ministri-qogamdyq-oryndarda-betperde-30385726.html
Денсаулық министрі қоғамдық орындарда бетперде тағуды ұсынды
Денсаулық министрі қоғамдық орындарда бетперде тағуды ұсынды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 15 желтоқсан – Sputnik. Үкіметте коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. 15.12.2022, Sputnik Қазақстан
2022-12-15T21:51+0500
2022-12-15T21:51+0500
2022-12-15T21:51+0500
үкімет
коронавирус
денсаулық
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/08/18861211_0:0:3449:1941_1920x0_80_0_0_12b08c56898ce88eb43bd6d7beef3b45.jpg
АСТАНА, 15 желтоқсан – Sputnik. Үкіметте коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.Ресми мәліметке сәйкес, қараша айының басынан бері республика бойынша коронавирусты жұқтырған адамдардың саны өсіп келеді. Тәулігіне 235 (КВИ+) науқас тіркеледі. Бұдан бөлек, 40 адамда КВИ- анықталып тұрады. Соңғы бір аптаның ішінде вирусты жұқтыру көрсеткіші 21 процентке арттты. Аптасына 1 001-1 283 жағдай тіркеледі. Вице-премьер Алтай Көлгінов мемлекеттік органдардың басшыларына, әкімдіктерге халықты вакциналау және ревакцинациялау жұмысын жандандыруды, халық арасында түсіндіру жұмысын күшейтуді тапсырды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/08/18861211_218:0:2949:2048_1920x0_80_0_0_aeba6d00061b6a923e9825dba99f86a2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
үкімет, коронавирус
Денсаулық министрі қоғамдық орындарда бетперде тағуды ұсынды
АСТАНА, 15 желтоқсан – Sputnik. Үкіметте коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.
Ресми мәліметке сәйкес, қараша айының басынан бері республика бойынша коронавирусты жұқтырған адамдардың саны өсіп келеді. Тәулігіне 235 (КВИ+) науқас тіркеледі. Бұдан бөлек, 40 адамда КВИ- анықталып тұрады.
Соңғы бір аптаның ішінде вирусты жұқтыру көрсеткіші 21 процентке арттты. Аптасына 1 001-1 283 жағдай тіркеледі.
"Бүгінгі таңда барлық өңір – "жасыл" аймақта. Сонымен қатар 15 өңірде R көрсеткіші бірліктен жоғары, бұл инфекцияның таралуының өсуінің белгісі. Ал бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес, R көрсеткіші 1-ден жоғары болса, қоғамдық орындарда бетперде тағу ұсынылады", - деді денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният.
Вице-премьер Алтай Көлгінов мемлекеттік органдардың басшыларына, әкімдіктерге халықты вакциналау және ревакцинациялау жұмысын жандандыруды, халық арасында түсіндіру жұмысын күшейтуді тапсырды.