https://sputnik.kz/20221215/bizdi-koshede-qaldyrmanyzdar-oskemende-189-student-zhana-zhataqkhanadan-shygarylady-30368685.html
"Бізді көшеде қалдырмаңыздар": Өскеменде 189 студент жаңа жатақханадан шығарылады
"Бізді көшеде қалдырмаңыздар": Өскеменде 189 студент жаңа жатақханадан шығарылады
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 15 желтоқсан - Sputnik. Өскемендегі 189 студент бірінші қаңтардан бастап жаңа жатақханадан шығарылады. Бұл шараны жатақхана әкімшілігі қолданып отыр... 15.12.2022, Sputnik Қазақстан
2022-12-15T12:26+0500
2022-12-15T12:26+0500
2022-12-15T12:26+0500
өскемен
жатақхана
https://sputnik.kz/img/07e6/0c/0f/30368531_0:120:1280:840_1920x0_80_0_0_34c640da3abf47eb635858bd5ce85c6d.jpg
АЛМАТЫ, 15 желтоқсан - Sputnik. Өскемендегі 189 студент бірінші қаңтардан бастап жаңа жатақханадан шығарылады. Бұл шараны жатақхана әкімшілігі қолданып отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Жатақхана әкімшілігі бұл келеңсіздікті мемлекеттен қаржы алмайтындығымен түсіндіре отырып. Бұрынғы Білім министрлігі жаңа жатақхананы субсидиямен қамтамасыз ету керек болған. Қазір кәсіпкердің қарызы 70 миллион теңгеге дейін өскен. Жатақхана осы жылдың мамыр айында ашылған. Студент үшін бар жағдайы жасалған жатақхана талай жастың қуанышына айналған еді. Бағасы да жанға жайлы. Бірақ, қуаныштары ұзаққа бармады. "Мұнда мен 25 мың төлеймін, егер шығарып жіберсе қайда барам? Қыста арзан пәтер таба алмаймын. Себебі қазір пәтерлер шамамен 200 -300 мың тұрады", - дейді студент Виктория Корткова. Студенттердің ата-аналары да көшіру туралы хабарландыруға наразы. Сондықтан кейбіреулер ауа-райының қолайсыздығына қарамастан баласының қамы үшін Өскеменге аудандардан келді. "Мен баламның жатақханасы үшін келдім. Егер біз мемлекеттік жатақханалар мен жеке тұрғын үйлерді салыстыратын болсақ, әрине, жеке жатақханалар біз үшін өте қолайлы", - дейді Шемонаиха қаласының тұрғыны Ульянов Овченникова. Жатақхана әкімшілігі өз тұрғындарына бұлай істейтіндеріне қынжылатындарын айтады. Бірақ басқа амал жоқ. Өйткені бизнес үлкен шығынға ұшырап отыр. Егер оларға мемлекеттен уәде етілген субсидиялар төленбесе, онда бірінші қаңтардан бастап олар студенттерді ғимараттан шығаруға мәжбүр. Ал ғылым және жоғары білім министрлігі қарыздар бұрынғы Білім министрлігінің қайта құрылуына байланысты төлемдер кешіккендіктен пайда болды деп түсіндірді. "Мәселе қазіргі уақытта шешілді. Шарттар тіркеуге қазынашылыққа жіберілді және 2022 жылғы 20 желтоқсанға дейін барлық төлемдер өнім берушіге аударылатын болады. студенттер жатақханадан шығарылмайды", - деді ішкі коммуникация департаменті директорының орынбасары Диас Жамбылов. Бірақ студенттер үйінің әкімшілігі министрліктің уәдесінің уақтылы жүзеге асатынына сенбейтіндерін айтады.
өскемен
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0c/0f/30368531_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_44cf48e97bdcc576f03fce3c09645a84.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
өскемен, жатақхана
АЛМАТЫ, 15 желтоқсан - Sputnik. Өскемендегі 189 студент бірінші қаңтардан бастап жаңа жатақханадан шығарылады. Бұл шараны жатақхана әкімшілігі қолданып отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Жатақхана әкімшілігі бұл келеңсіздікті мемлекеттен қаржы алмайтындығымен түсіндіре отырып. Бұрынғы Білім министрлігі жаңа жатақхананы субсидиямен қамтамасыз ету керек болған. Қазір кәсіпкердің қарызы 70 миллион теңгеге дейін өскен. Жатақхана осы жылдың мамыр айында ашылған. Студент үшін бар жағдайы жасалған жатақхана талай жастың қуанышына айналған еді. Бағасы да жанға жайлы. Бірақ, қуаныштары ұзаққа бармады.
"Мұнда мен 25 мың төлеймін, егер шығарып жіберсе қайда барам? Қыста арзан пәтер таба алмаймын. Себебі қазір пәтерлер шамамен 200 -300 мың тұрады", - дейді студент Виктория Корткова.
"Шын мәнінде қорқынышты, қыс болса мынау, тіпті кез келген басқа жатақханамен салыстырғанда бұл жер біз үшін өте ыңғайлы еді. Пәтерді жалға алу үшін бізге кемінде 150 мың теңге қажет, кедей студенттердің өздері түсінеді бізде мұндай ақшаны алатын жер жоқ", - дейді студент Роман Каратаев.
Студенттердің ата-аналары да көшіру туралы хабарландыруға наразы. Сондықтан кейбіреулер ауа-райының қолайсыздығына қарамастан баласының қамы үшін Өскеменге аудандардан келді.
"Мен баламның жатақханасы үшін келдім. Егер біз мемлекеттік жатақханалар мен жеке тұрғын үйлерді салыстыратын болсақ, әрине, жеке жатақханалар біз үшін өте қолайлы", - дейді Шемонаиха қаласының тұрғыны Ульянов Овченникова.
Жатақхана әкімшілігі өз тұрғындарына бұлай істейтіндеріне қынжылатындарын айтады. Бірақ басқа амал жоқ. Өйткені бизнес үлкен шығынға ұшырап отыр. Егер оларға мемлекеттен уәде етілген субсидиялар төленбесе, онда бірінші қаңтардан бастап олар студенттерді ғимараттан шығаруға мәжбүр.
"Мамыр айынан бастап бізге 70 миллионға жуық қарыз болды. Мұнда жатақхана немесе қонақ үй ашу әлдеқайда тиімдірек, өйткені өз міндеттемелерін орындамайтын мемлекетке қарап, алақан жайып, қарызға кіріп отырмайды", - дейді студенттер жатақханасының әкімшісі Александра Талхигова.
Ал ғылым және жоғары білім министрлігі қарыздар бұрынғы Білім министрлігінің қайта құрылуына байланысты төлемдер кешіккендіктен пайда болды деп түсіндірді.
"Мәселе қазіргі уақытта шешілді. Шарттар тіркеуге қазынашылыққа жіберілді және 2022 жылғы 20 желтоқсанға дейін барлық төлемдер өнім берушіге аударылатын болады. студенттер жатақханадан шығарылмайды", - деді ішкі коммуникация департаменті директорының орынбасары Диас Жамбылов.
Бірақ студенттер үйінің әкімшілігі министрліктің уәдесінің уақтылы жүзеге асатынына сенбейтіндерін айтады.