https://sputnik.kz/20221215/astana-tauelsizdik-kuni-sport-mausymy-30363642.html
Астанада Тәуелсіздік күніне орай қысқы спорт маусымы ашылады
Астанада Тәуелсіздік күніне орай қысқы спорт маусымы ашылады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 15 желтоқсан – Sputnik. Елордада 16 желтоқсан күні шаңғы-роллер тасжолында Тәуелсіздіктің 31 жылдығына арналған қысқы спорт маусымының ашылуы өтеді. 15.12.2022, Sputnik Қазақстан
2022-12-15T09:33+0500
2022-12-15T09:33+0500
2022-12-15T09:33+0500
елорда тынысы
тәуелсіздік күні
https://sputnik.kz/img/894/86/8948615_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_78b2fe87ec55420923bc8425d9b212c7.jpg
АСТАНА, 15 желтоқсан – Sputnik. Елордада 16 желтоқсан күні шаңғы-роллер тасжолында Тәуелсіздіктің 31 жылдығына арналған қысқы спорт маусымының ашылуы өтеді.Іс-шара аясында шаңғы жарысы, гір тасын көтеру, қол күресі, арқан тартыс және белбеу күресі секілді спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.Қалалық спорт басқармасы баспасөз орталығының мәліметінше, жарысқа жеке спорттық жабдықтары бар кез келген қала тұрғыны қатыса алады. Тіркелу үшін жеке куәлік қажет."Астанада қысқы спорттық маусым алғашқы бұқаралық шаңғы жарысымен ашылады. Жыл сайын қысқы спорт түрлерінен маусымның ашылуына қаланың мыңдаған тұрғыны мен қонағы жиналады. Олардың арасында мектеп оқушылары, студенттер, күш құрылымдарының қызметкерлері және қоғам өкілдері спорт жарыстарына қатысып, күш сынасады", - дейді қалалық спорт басқармасының баспасөз хатшысы Мадина Айтқалиева.Шараға қатысушыларды тіркеу таңғы сағат 09:30-да, ал шаңғы жарысы мен спорттық сайыстар сағат 11:00-де шаңғы-роллер тасжолында (саябақ аймағында орналасқан Astana Park Hotel) басталады.Қатысушыларға старттық нөмірлер әрбір жас тобына қарай жарыс басталмастан 30 минут бұрын беріледі.Жеңімпаздар мен жүлдегерлер әр жас тобы бойынша бағалы сыйлықтармен, дипломдармен және медальдармен марапатталады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/894/86/8948615_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_edbb5d1cc4aa7a6d7be94b7622254848.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
тәуелсіздік күні
АСТАНА, 15 желтоқсан – Sputnik. Елордада 16 желтоқсан күні шаңғы-роллер тасжолында Тәуелсіздіктің 31 жылдығына арналған қысқы спорт маусымының ашылуы өтеді.
Іс-шара аясында шаңғы жарысы, гір тасын көтеру, қол күресі, арқан тартыс және белбеу күресі секілді спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Қалалық спорт басқармасы баспасөз орталығының мәліметінше, жарысқа жеке спорттық жабдықтары бар кез келген қала тұрғыны қатыса алады. Тіркелу үшін жеке куәлік қажет.
"Астанада қысқы спорттық маусым алғашқы бұқаралық шаңғы жарысымен ашылады. Жыл сайын қысқы спорт түрлерінен маусымның ашылуына қаланың мыңдаған тұрғыны мен қонағы жиналады. Олардың арасында мектеп оқушылары, студенттер, күш құрылымдарының қызметкерлері және қоғам өкілдері спорт жарыстарына қатысып, күш сынасады", - дейді қалалық спорт басқармасының баспасөз хатшысы Мадина Айтқалиева.
Шараға қатысушыларды тіркеу таңғы сағат 09:30-да, ал шаңғы жарысы мен спорттық сайыстар сағат 11:00-де шаңғы-роллер тасжолында (саябақ аймағында орналасқан Astana Park Hotel) басталады.
Қатысушыларға старттық нөмірлер әрбір жас тобына қарай жарыс басталмастан 30 минут бұрын беріледі.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер әр жас тобы бойынша бағалы сыйлықтармен, дипломдармен және медальдармен марапатталады.