https://sputnik.kz/20221215/askeri-qyzmet-kezinde-kredit-toleu-merzimi-30378957.html
Мерзімді әскери қызметтегілердің кредит төлеу уақыты шегеріледі
Мерзімді әскери қызметтегілердің кредит төлеу уақыты шегеріледі
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 15 желтоқсан – Sputnik. Қорғаныс министрлігі мен қаржы нарығын реттеу агенттігі мерзімді қызмет атқарып жүрген сарбаздарға кредит каникулын беруге... 15.12.2022, Sputnik Қазақстан
2022-12-15T15:36+0500
2022-12-15T15:36+0500
2022-12-15T15:41+0500
әскери қызметке шақыру
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0a/15701477_0:0:3001:1688_1920x0_80_0_0_408945ed87bf99b9babccd85d61fded7.jpg
АСТАНА, 15 желтоқсан – Sputnik. Қорғаныс министрлігі мен қаржы нарығын реттеу агенттігі мерзімді қызмет атқарып жүрген сарбаздарға кредит каникулын беруге келісті. Екі мекеменің басшылары арнайы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап. Меморандумға сәйкес, мерзімді қызметте жүрген әскери қызметшілердің барлық кредиті бойынша төлемдер кейінге шегеріледі. Банктер мен микроқаржы ұйымдары қарыздарды талап ете алмайды. Кредит каникулын беру тәртібі бойынша әскерге шақыру науқаны кезінде сарбаздың жиналған банк қарыздары мен шағын несиелері туралы мәліметтер бірден қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне түседі. "Осы деректердің негізінде кредиторлар негізгі борыш пен сыйақы бойынша төлемдерді кейінге қалдыру және берешекті өндіріп алуды тоқтата тұру мәселелерін пысықтайды. Төлемдерді кейінге қалдыру кезеңінде кредитор сотқа беруді, берешекті өндіріп алу мақсатымен атқарушылық жазба жасау үшін нотариусқа жүгінуді, тұрғын үйді сатуды, қарыз алушының отбасын пәтерден шығаруды тоқтата тұрады", - делінген ресми хабарламада.
https://sputnik.kz/20221215/zhanaozendegi-askeri-bolimnen-askeri-qyzmetshi-30375969.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0a/15701477_80:0:2331:1688_1920x0_80_0_0_4cb499eb1a93e2de4f4787f23b2709df.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әскери қызметке шақыру
Мерзімді әскери қызметтегілердің кредит төлеу уақыты шегеріледі
15:36 15.12.2022 (жаңартылды: 15:41 15.12.2022) АСТАНА, 15 желтоқсан – Sputnik. Қорғаныс министрлігі мен қаржы нарығын реттеу агенттігі мерзімді қызмет атқарып жүрген сарбаздарға кредит каникулын беруге келісті. Екі мекеменің басшылары арнайы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан
қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.
Меморандумға сәйкес, мерзімді қызметте жүрген әскери қызметшілердің барлық кредиті бойынша төлемдер кейінге шегеріледі. Банктер мен микроқаржы ұйымдары қарыздарды талап ете алмайды.
Кредит каникулын беру тәртібі бойынша әскерге шақыру науқаны кезінде сарбаздың жиналған банк қарыздары мен шағын несиелері туралы мәліметтер бірден қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне түседі.
"Осы деректердің негізінде кредиторлар негізгі борыш пен сыйақы бойынша төлемдерді кейінге қалдыру және берешекті өндіріп алуды тоқтата тұру мәселелерін пысықтайды. Төлемдерді кейінге қалдыру кезеңінде кредитор сотқа беруді, берешекті өндіріп алу мақсатымен атқарушылық жазба жасау үшін нотариусқа жүгінуді, тұрғын үйді сатуды, қарыз алушының отбасын пәтерден шығаруды тоқтата тұрады", - делінген ресми хабарламада.