https://sputnik.kz/20221215/600-mlrd-tenge-zansyz-ielengen-mulik-qarazhat-30385866.html
600 млрд теңге: заңсыз иеленген мүлік пен қаражат мемлекетке қайтарылды
600 млрд теңге: заңсыз иеленген мүлік пен қаражат мемлекетке қайтарылды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 15 желтоқсан - Sputnik. Мемлекет басшысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Олжас Бектеновті қабылдады, деп хабарлайды... 15.12.2022, Sputnik Қазақстан
2022-12-15T18:48+0500
2022-12-15T18:48+0500
2022-12-15T18:48+0500
экономика
теңге
мемлекет
қаражат
жылжымайтын мүлік
https://sputnik.kz/img/1362/74/13627456_0:0:3641:2048_1920x0_80_0_0_d1350a210771a65fe1c0878de9850a32.jpg
АСТАНА, 15 желтоқсан - Sputnik. Мемлекет басшысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Олжас Бектеновті қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.Президентке елдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданып жатқан шаралар жөнінде есеп берілді.Олжас Бектеновтің айтуынша, биыл 11 айда мемлекетке құны 600 миллиард теңгеден астам заңсыз иеленген мүлік активтері мен қаражат қайтарылды. Бұдан бөлек, елімізде және шетелде жалпы сомасы 360 миллиард теңгеден асатын жылжымайтын мүлік, автомобильдер мен қаражат анықталды және олар жақын арада мемлекетке қайтарылады.Олжас Бектенов көліктік бақылау, жер қойнауын пайдалану, мемлекеттік қорғаныс тапсырысы салаларына, көші-қон қызметінің, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың және "Қазақстан темір жолы" АҚ жұмысына сыртқы талдау аяқталғанын жеткізді. Оның қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға бағытталған 2 мыңнан астам ұсыныс әзірленді.Мемлекет басшысы елімізде сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету жөніндегі жұмыстарды жалғастыруды тапсырды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1362/74/13627456_910:0:3641:2048_1920x0_80_0_0_ca959d54d1133c88aaa650eafe86f8e1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
теңге, мемлекет, қаражат, жылжымайтын мүлік
теңге, мемлекет, қаражат, жылжымайтын мүлік
600 млрд теңге: заңсыз иеленген мүлік пен қаражат мемлекетке қайтарылды
АСТАНА, 15 желтоқсан - Sputnik. Мемлекет басшысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Олжас Бектеновті қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.
Президентке елдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданып жатқан шаралар жөнінде есеп берілді.
Олжас Бектеновтің айтуынша, биыл 11 айда мемлекетке құны 600 миллиард теңгеден астам заңсыз иеленген мүлік активтері мен қаражат қайтарылды.
Бұдан бөлек, елімізде және шетелде жалпы сомасы 360 миллиард теңгеден асатын жылжымайтын мүлік, автомобильдер мен қаражат анықталды және олар жақын арада мемлекетке қайтарылады.
"Мемлекет басшысының тапсырмасымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі тергеп-тексерген қылмыстық істерден тәркіленген қаржы мектеп құрылысына жұмсалып жатыр. "Ақтөбе" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясына қатысты қылмыстық іс аясында кінәлі тұлғалар 197 миллион теңге шығынды өтеді. Қаражаттың негізгі бөлігі ауыл мектебінің құрылысын аяқтауға жұмсалды", - делінген ақпаратта.
Олжас Бектенов көліктік бақылау, жер қойнауын пайдалану, мемлекеттік қорғаныс тапсырысы салаларына, көші-қон қызметінің, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың және "Қазақстан темір жолы" АҚ жұмысына сыртқы талдау аяқталғанын жеткізді. Оның қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға бағытталған 2 мыңнан астам ұсыныс әзірленді.
Мемлекет басшысы елімізде сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету жөніндегі жұмыстарды жалғастыруды тапсырды.