Жәнібек Әлімханұлы қуанышты жаңалықты бөлісті

© AFP 2024 / Yong Teck LimКазахстанский боксер Жанибек Алимханулы
Казахстанский боксер Жанибек Алимханулы - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.12.2022
Жазылу
АСТАНА, 14 желтоқсан – Sputnik. WBO тұжырымдамасы бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (13-0, 8 КО) ұлдың дүниеге келгенін жариялады , деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Төртінші! Әлхамдулиллаһ! Осы дүниеге қош келдің, ұлым! Мен оны Хан деп атадым! Хан Жәнібек!", - деп жазды Әлімханұлы Twitter парақшасында.
Айта кетері, Жәнібек Әлімханұлы соңғы жекпе-жекте WBO тұжырымдамасы бойынша әлем чемпионы титулын қорғаған болатын. 13 қарашада өткен жекпе-жекте қазақстандық боксшы британиялық Дензел Бентлиді (17-2-1, 14 КО) жеңді.
Жаңалықтар
0