Жамбыл облысында сарбаз көшедегі адамдарды ұрып-соғып, бөтен үйге басып кірген

© Sputnik / Виталий Белоусов / Медиабанкке өтуАрхивтегі фото
Архивтегі фото   - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.12.2022
Жазылу
АЛМАТЫ, 14 желтоқсан – Sputnik. Жамбыл облысында сарбаз көшеде кездескендерді ұрып-соғып, онымен қоймай бөтен үйге рұқсатсыз кіріп, үй иелеріне дене жарақатын салған, деп хабарлады Polisia.kz.
12 желтоқсанда Рысқұлов аудандық полиция бөліміне әскери киімдегі белгісіз ер адамның Құлан ауылындағы бірнеше үйге кіріп, тұрғындарға дене жарақатын келтіргені туралы хабарлама түскен.
Әскери киімдегі ер адам кешкі уақытта үй ауласында орналасқан дүкенге кіріп, 45 жастағы әйелдің бет тұсына соққы жасаған. Содан соң тағы екі пәтерге кіріп, алдынан шыққан 45 және 43 жастағы әйелдерді ұрып-соққан. Олардың бірінің күйеуі ер адамды ұстап, полиция қызметкерлерін шақыртқан.
Шақырту бойынша шұғыл жеткен полиция қызметкерлері 22 жастағы әскери қызметшіні полиция бөліміне жеткізді.
"Тараз гарнизонының әскери қызметшісі қызметтен тыс уақытта мас күйінде тұрғындарға күш қолданған. Себебі анықталып жатыр. Тергеу нәтижесі бойынша әскери қызметшілердің Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қатарында одан әрі қызмет өткеруі туралы шешім қабылданады. Аталған дерек бойынша Оңтүстік өңірлік әскери тергеу басқармасының Тараз қаласы бойынша департаменті ҚР ҚК 149-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады", - деп мәлімдеді Тараз гарнизонының баспасөз қызметі.
Жаңалықтар
0