https://sputnik.kz/20221214/zeynetaqy-zhinagynyn-50-in-zhekemenshik-kompaniyaga-audaruga-ruqsat-etiledi-30326407.html
Зейнетақы жинағының 50%-ін жекеменшік компанияға аударуға рұқсат етіледі
Зейнетақы жинағының 50%-ін жекеменшік компанияға аударуға рұқсат етіледі
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 14 желтоқсан – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова президенттің тапсырамасы қалай іске асырылатынын түсіндірді... 14.12.2022, Sputnik Қазақстан
2022-12-14T11:10+0500
2022-12-14T11:10+0500
2022-12-14T11:10+0500
зейнетақы жинағы
табыс
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/0b/18632903_0:150:1921:1230_1920x0_80_0_0_2eb8e6423ba21f96095e296630602f53.jpg
АСТАНА, 14 желтоқсан – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова президенттің тапсырамасы қалай іске асырылатынын түсіндірді. Оған сәйкес, зейнетақы жинағының 50 процентін жекеменшік компаниялардың басқаруына беріп, пайда табуға рұқсат етіледі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Үкіметтің кеңейтілген отырысында президент зейнетақы жинағын пайдалану құқықтары кеңейтілетінін айтты. Атап айтқанда, есепшоттағы ақшаның жартысын жекеменшік компанияның бақылауына беруге болады. Осы ақшаның есебінен бизнеске кредиттер ұсынылады. Ал салымшылар үстемақымен қайтарылған қаржыдан пайда көреді.Тамара Дүйсенованың айтуынша, қазіргі кезде президенттің тапсырмасы бойынша жұмыс тобы құрылып жатыр. Олар зейнетақы жинағының 50 процентін басқаруға беру тәртібін пысықтайды."Яғни, адам бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында жиналған ақшаның 50 процентін өзі таңдаған жеке компанияға бере алады. Сонда жартысы қорда қалады. Оны бұрыңғыдай ұлттық банк басқарады. Ал қалған 50 процентін жеке компания басқарады. Бірақ ол компанияның жинақтың үстінен қанша табыс табуға болатынын ұлттық банк белгілейді. Демек жеке компания болса да, өзі қалаған табысты ала алмайды", - деді Дүйсенова мәжіліс отырысынан кейінгі брифингте.Министр бастаманы іске асыру мерзімін айта алмады. Себебі алдымен депутаттардың қолдауын алу қажет. Содан кейін ғана құжат президенттің қол қоюына жіберіледі.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/0b/18632903_40:0:1879:1379_1920x0_80_0_0_8f54322bf11e8b63294430f7f30abccf.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
зейнетақы жинағы, табыс
Зейнетақы жинағының 50%-ін жекеменшік компанияға аударуға рұқсат етіледі
АСТАНА, 14 желтоқсан – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова президенттің тапсырамасы қалай іске асырылатынын түсіндірді. Оған сәйкес, зейнетақы жинағының 50 процентін жекеменшік компаниялардың басқаруына беріп, пайда табуға рұқсат етіледі, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Үкіметтің кеңейтілген отырысында президент зейнетақы жинағын пайдалану құқықтары кеңейтілетінін айтты. Атап айтқанда, есепшоттағы ақшаның жартысын жекеменшік компанияның бақылауына беруге болады. Осы ақшаның есебінен бизнеске кредиттер ұсынылады. Ал салымшылар үстемақымен қайтарылған қаржыдан пайда көреді.
Тамара Дүйсенованың айтуынша, қазіргі кезде президенттің тапсырмасы бойынша жұмыс тобы құрылып жатыр. Олар зейнетақы жинағының 50 процентін басқаруға беру тәртібін пысықтайды.
"Яғни, адам бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында жиналған ақшаның 50 процентін өзі таңдаған жеке компанияға бере алады. Сонда жартысы қорда қалады. Оны бұрыңғыдай ұлттық банк басқарады. Ал қалған 50 процентін жеке компания басқарады. Бірақ ол компанияның жинақтың үстінен қанша табыс табуға болатынын ұлттық банк белгілейді. Демек жеке компания болса да, өзі қалаған табысты ала алмайды", - деді Дүйсенова мәжіліс отырысынан кейінгі брифингте.
Министр бастаманы іске асыру мерзімін айта алмады. Себебі алдымен депутаттардың қолдауын алу қажет. Содан кейін ғана құжат президенттің қол қоюына жіберіледі.