Ұлттық қордың ақшасы балалардың жеке шотына аударылады

© Sputnik / Абзал КалиевАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.12.2022
Жазылу
Жиналған қаражатты бала кәмелет жасына толғаннан кейін ғана пайдалана алады
АСТАНА, 14 желтоқсан – Sputnik. Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов "Ұлттық қор – балаларға" жобасы қалай жүзеге асатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Айтуынша, "Ұлттық қор – балалар үшін" бастамасын 2024 жылдан бастап іске қосу тәсілдері әзірленіп жатыр. Кәмелетке толмаған барлық балаға жеке шот ашылады.
"18 жасқа дейінгі барлық балаға жеке жинақтаушы шоттар ашылады, оларға жыл сайын қаражат түседі. Шот операторы ретінде "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" анықталды", -деді Жақсылықов үкімет отырысында.
Шотта жиналған қаражатты кәмелетке толған кезде ғана пайдалануға болады.
Жобаны іске қосу үшін заңнамалық өзгерістер келесі жылы қабылданбақ.
Еске салсақ, 1 қыркүйекте президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Ұлттық қор – балаларға" атты түбегейлі жаңа бағдарлама басталатынын жариялады. Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50%-і балалардың арнайы жинақтаушы шотына 18 жасқа толғанға дейін аударылады.
Қаражатты мерзімінен бұрын шешіп алуға тыйым салынады. Ақшаны баспана сатып алуға және білім алуға жұмсауға болады.
Жаңалықтар
0