https://sputnik.kz/20221214/toqaev-stadler-rail-ag-direktorlar-kenesinin-toragasyn-qabyldady-30324315.html
Тоқаев Stadler Rail AG директорлар кеңесінің төрағасын қабылдады
Тоқаев Stadler Rail AG директорлар кеңесінің төрағасын қабылдады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 14 желтоқсан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Stadler Rail AG компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Петер Шпулерді қабылдады, деп... 14.12.2022, Sputnik Қазақстан
2022-12-14T10:10+0500
2022-12-14T10:10+0500
2022-12-14T10:10+0500
ақорда
https://sputnik.kz/img/07e6/0c/0e/30323332_0:0:3185:1793_1920x0_80_0_0_221e2bb43ac07d682fcb3db8f603d401.jpg
АСТАНА, 14 желтоқсан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Stadler Rail AG компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Петер Шпулерді қабылдады, деп хабарлады Ақорда.Кездесу барысында Қазақстанда жолаушылар вагондарын жасау жөніндегі жобаны жүзеге асыру мәселелері талқыланды.Мемлекет басшысына швейцариялық Stadler Rail AG компаниясының вагон жасау зауытын жаңғырту, Қазақстан алюминийін пайдалану және өндірістің толық циклын жолға қою жоспары туралы мәлімет берілді.Петер Шпулер 2030 жылға қарай өндіріске қажет бөлшектерді жергілікті жерде өндіру деңгейін 35 пайызға дейін арттыру, сондай-ақ қазақстандық өніммен экспортқа шығу жоспары туралы айтты.Сонымен қатар олар өндірістік білім мен сарапшылық құзыреттерді үйрету мәселелерін қарастырды. Компания қазақстандық жастарға арналған оқу орталықтарын ұйымдастыруды, сондай-ақ отандық колледждермен және университеттермен қарым-қатынас орнатуды жоспарлап отыр.Президент бірлескен жобаның жүзеге асырылуы Қазақстан мен Швейцария арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайта түсетініне сенім білдірді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0c/0e/30323332_153:0:2884:2048_1920x0_80_0_0_1127ed233fcef45a531256e6f275d457.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақорда
АСТАНА, 14 желтоқсан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Stadler Rail AG компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Петер Шпулерді қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
Кездесу барысында Қазақстанда жолаушылар вагондарын жасау жөніндегі жобаны жүзеге асыру мәселелері талқыланды.
Мемлекет басшысына швейцариялық Stadler Rail AG компаниясының вагон жасау зауытын жаңғырту, Қазақстан алюминийін пайдалану және өндірістің толық циклын жолға қою жоспары туралы мәлімет берілді.
Петер Шпулер 2030 жылға қарай өндіріске қажет бөлшектерді жергілікті жерде өндіру деңгейін 35 пайызға дейін арттыру, сондай-ақ қазақстандық өніммен экспортқа шығу жоспары туралы айтты.
Сонымен қатар олар өндірістік білім мен сарапшылық құзыреттерді үйрету мәселелерін қарастырды. Компания қазақстандық жастарға арналған оқу орталықтарын ұйымдастыруды, сондай-ақ отандық колледждермен және университеттермен қарым-қатынас орнатуды жоспарлап отыр.
Президент бірлескен жобаның жүзеге асырылуы Қазақстан мен Швейцария арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайта түсетініне сенім білдірді.