https://sputnik.kz/20221214/smayylov-adani-group-prezidentimen-investitsiyalyq-zhobalardy-talqylady-30320095.html
Смайылов Adani Group президентімен инвестициялық жобаларды талқылады
Смайылов Adani Group президентімен инвестициялық жобаларды талқылады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 14 желтоқсан – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов пен Adani Group компаниясының президенті Гаутам Адани Қазақстанда бірқатар инвестициялық жобаны... 14.12.2022, Sputnik Қазақстан
2022-12-14T09:39+0500
2022-12-14T09:39+0500
2022-12-14T09:42+0500
әлихан смайылов
https://sputnik.kz/img/07e6/0c/0e/30318444_0:0:3639:2047_1920x0_80_0_0_e0b8671dbb2283806202b1723a33cd76.jpg
АСТАНА, 14 желтоқсан – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов пен Adani Group компаниясының президенті Гаутам Адани Қазақстанда бірқатар инвестициялық жобаны іске қосу перспективаларын талқылады, деп хабарлады үкімет басшысының баспасөз қызметі.Кездесуде көлік және логистика, энергетика, тау-кен металлургия кешені, мұнай-химия, ауыл шаруашылығы және т. б. салаларда жобаларды іске асыру мүмкіндіктері қаралды.Премьер-министр мұның барлығы Қазақстан экономикасы үшін басым бағыттар екенін атап өтті.Ол республикада жаңа инвестициялық жобаларды іске қосу және жалпы кәсіпкерлік қызметті жүргізу үшін қолайлы жағдайлар жасалғанын айтты. Сонымен қатар үкімет Қазақстанда холдинг жобаларын іске асыру үшін жан-жақты қолдау көрсетуге дайын.Ал Гаутам Адани компания бірінші кезекте азаматтық авиация, мұнай-химия секторы, көлік-логистикалық инфрақұрылым, жаңартылатын энергия көздерін дамыту және "жасыл" сутегін өндіру бойынша жобаларға қызығушылық танытып отырғанын атап өтті."Біз ұзақ мерзімді инвестициялар салуға мүдделіміз және Қазақстанда қандай мүмкіндіктер, қандай жобалар бойынша ортақ қызығушылық барын білгіміз келеді. Біз белсенді жұмыс істеуге дайынбыз", — деді Гаутам Адани.Adani Group – 1988 жылы Гаутам Адани негізін қалаған үнді көпұлтты конгломераты. Компаниялар тобы әлемнің 70 елінде бар және активтерінің жиынтық құны $100 млрд-ты құрайды. Конгломерат жұмыс істеген жылдары әлем бойынша 100 мыңнан астам тікелей және жанама жұмыс орнын құрды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0c/0e/30318444_279:0:3008:2047_1920x0_80_0_0_d9c8ff2a8fe4816c4d3cac837b658705.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әлихан смайылов
АСТАНА, 14 желтоқсан – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов пен Adani Group компаниясының президенті Гаутам Адани Қазақстанда бірқатар инвестициялық жобаны іске қосу перспективаларын талқылады, деп хабарлады үкімет басшысының баспасөз қызметі.
Кездесуде көлік және логистика, энергетика, тау-кен металлургия кешені, мұнай-химия, ауыл шаруашылығы және т. б. салаларда жобаларды іске асыру мүмкіндіктері қаралды.
Премьер-министр мұның барлығы Қазақстан экономикасы үшін басым бағыттар екенін атап өтті.
"Осы орайда Adani Group-пен ынтымақтастықтың әлеуеті зор деп санаймыз және сіздің компанияңыздың біздің еліміздегі іскерлік байланыстарды кеңейту ниетін құптаймыз", — деді Әлихан Смайылов.
Ол республикада жаңа инвестициялық жобаларды іске қосу және жалпы кәсіпкерлік қызметті жүргізу үшін қолайлы жағдайлар жасалғанын айтты. Сонымен қатар үкімет Қазақстанда холдинг жобаларын іске асыру үшін жан-жақты қолдау көрсетуге дайын.
Ал Гаутам Адани компания бірінші кезекте азаматтық авиация, мұнай-химия секторы, көлік-логистикалық инфрақұрылым, жаңартылатын энергия көздерін дамыту және "жасыл" сутегін өндіру бойынша жобаларға қызығушылық танытып отырғанын атап өтті.
"Біз ұзақ мерзімді инвестициялар салуға мүдделіміз және Қазақстанда қандай мүмкіндіктер, қандай жобалар бойынша ортақ қызығушылық барын білгіміз келеді. Біз белсенді жұмыс істеуге дайынбыз", — деді Гаутам Адани.
Adani Group – 1988 жылы Гаутам Адани негізін қалаған үнді көпұлтты конгломераты. Компаниялар тобы әлемнің 70 елінде бар және активтерінің жиынтық құны $100 млрд-ты құрайды. Конгломерат жұмыс істеген жылдары әлем бойынша 100 мыңнан астам тікелей және жанама жұмыс орнын құрды.