https://sputnik.kz/20221214/qazaqstanda-tsifrlyq-universitet-qurylady-30326907.html
Қазақстанда цифрлық университет құрылады
Қазақстанда цифрлық университет құрылады
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 14 желтоқсан – Sputnik. Ғылым және жоғары білім министрлігі саланы цифрландыру аясында цифрлық университет моделін енгізуді жоспарлап отыр, деп... 14.12.2022, Sputnik Қазақстан
2022-12-14T13:29+0500
2022-12-14T13:29+0500
2022-12-14T13:29+0500
білім
https://sputnik.kz/img/07e5/02/18/16374061_38:0:1962:1082_1920x0_80_0_0_c9c61ea27951c14388f6494b0f2ab702.jpg
АЛМАТЫ, 14 желтоқсан – Sputnik. Ғылым және жоғары білім министрлігі саланы цифрландыру аясында цифрлық университет моделін енгізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Ғылым және жоғары білім вице-министрі Камиль Ақатовтың айтуынша, цифрлық университет моделін құрудың негізгі мақсаты – цифрлық технологиялар арқылы университеттегі негізгі процестер мен басқару процестерін түрлендіру."Цифрлық университет" моделі білім беру процесіне ең заманауи технологияларды енгізуді, онлайн-платформаларды кеңінен пайдалануды, жекелендірілген білім беру траекториялары мен курстарын, кеңістік пен форматтардың жаңа мүмкіндіктерін енгізуді көздейді."Цифрлық университет" моделі 4 негізгі бағыттан тұрады:Цифрлық трансформация үшін университеттер білім беру сапасын арттырып, барлық нысандағы студенттерді ынталандыру мақсатында технологияларды пайдалануға міндетті. Білім алушыларға жеке білім беру траекторияларын құру үшін мүмкіндіктер беріп, онлайн-курстарды пайдалана отырып, желілік білім беру бағдарламаларын іске асыру кезінде жоғары оқу орындарымен өзара іс-қимылды кеңейту керек."Цифрлы университет" моделін іске асыру шеңберінде жоғары оқу орындарының бірінің базасында "цифрлық университет" моделі іске асырылады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/02/18/16374061_278:0:1721:1082_1920x0_80_0_0_37cd5809eaf8c6a5c664a41d8ed3552a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
білім
Қазақстанда цифрлық университет құрылады
АЛМАТЫ, 14 желтоқсан – Sputnik. Ғылым және жоғары білім министрлігі саланы цифрландыру аясында цифрлық университет моделін енгізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Ғылым және жоғары білім вице-министрі Камиль Ақатовтың айтуынша, цифрлық университет моделін құрудың негізгі мақсаты – цифрлық технологиялар арқылы университеттегі негізгі процестер мен басқару процестерін түрлендіру.
"Цифрлық университет" моделі білім беру процесіне ең заманауи технологияларды енгізуді, онлайн-платформаларды кеңінен пайдалануды, жекелендірілген білім беру траекториялары мен курстарын, кеңістік пен форматтардың жаңа мүмкіндіктерін енгізуді көздейді.
"Цифрлық университет" моделі 4 негізгі бағыттан тұрады:
деректерге негізделген басқару жүйелері;
сандық білім беру технологиялары;
жеке білім беру траекториялары;
цифрлық экономиканың құзыреттері.
Цифрлық трансформация үшін университеттер білім беру сапасын арттырып, барлық нысандағы студенттерді ынталандыру мақсатында технологияларды пайдалануға міндетті. Білім алушыларға жеке білім беру траекторияларын құру үшін мүмкіндіктер беріп, онлайн-курстарды пайдалана отырып, желілік білім беру бағдарламаларын іске асыру кезінде жоғары оқу орындарымен өзара іс-қимылды кеңейту керек.
"Цифрлы университет" моделін іске асыру шеңберінде жоғары оқу орындарының бірінің базасында "цифрлық университет" моделі іске асырылады.