https://sputnik.kz/20221214/qaragandyda-zhedel-zhardem-feldsherinin-ekpesinen-keyin-sabi-reanimatsiyaga-tusti--30352771.html
Қарағандыда жедел жәрдем фельдшерінің екпесінен кейін сәби реанимацияға түсті
Қарағандыда жедел жәрдем фельдшерінің екпесінен кейін сәби реанимацияға түсті
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 14 желтоқсан – Sputnik. Қарағандыда тоғыз айлық сәби жедел жәрдем бригадасының фельдшерінің екпесінен кейін реанимацияға түсті. Баланың ата-анасы бұл... 14.12.2022, Sputnik Қазақстан
2022-12-14T16:29+0500
2022-12-14T16:29+0500
2022-12-14T16:29+0500
қарағанды облысы
сәби
жансақтау бөлімі
https://sputnik.kz/img/342/73/3427354_0:18:1920:1098_1920x0_80_0_0_24ac5abf33fdb02b3019fd9a73a9e756.jpg
АЛМАТЫ, 14 желтоқсан – Sputnik. Қарағандыда тоғыз айлық сәби жедел жәрдем бригадасының фельдшерінің екпесінен кейін реанимацияға түсті. Баланың ата-анасы бұл туралы әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлайды корреспондент Sputnik Қазақстан тілшісі. Сәбидің ата-анасы жағдайларын айтып, кінәлілерді жазалауды талап етіп отыр. Анасының айтуынша, 8 желтоқсанда нәрестенің ыстығы көтеріліп, жедел жәрдем шақыртқан. Медициналық көлікпен келген фельдшер балаға антипиретикалық инъекция жасаған. Салдарынан баланың аяғы қызарып, ісіп кеткен. Әйелдің айтуынша, сәби ауыр жағдайда реанимацияда жатыр. Оған тіпті қан құю қажет болған. Ал Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасы баланың қазіргі жағдайын ауыр деп отыр. "Бұл факт бойынша қызметтік тергеу жүргізіледі. Тергеу нәтижелері туралы қосымша хабарланатын болады. Қазіргі уақытта баланың жағдайы ауыр, толық көлемде ем алып жатыр. Бала жазылып кетеді деп болжаймыз", - деді ведомство.
қарағанды облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/342/73/3427354_135:0:1842:1280_1920x0_80_0_0_979993bd6f79224ce8425352e5a43731.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қарағанды облысы, сәби, жансақтау бөлімі
қарағанды облысы, сәби, жансақтау бөлімі
Қарағандыда жедел жәрдем фельдшерінің екпесінен кейін сәби реанимацияға түсті
АЛМАТЫ, 14 желтоқсан – Sputnik. Қарағандыда тоғыз айлық сәби жедел жәрдем бригадасының фельдшерінің екпесінен кейін реанимацияға түсті. Баланың ата-анасы бұл туралы әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлайды корреспондент
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Сәбидің ата-анасы жағдайларын айтып, кінәлілерді жазалауды талап етіп отыр.
Анасының айтуынша, 8 желтоқсанда нәрестенің ыстығы көтеріліп, жедел жәрдем шақыртқан. Медициналық көлікпен келген фельдшер балаға антипиретикалық инъекция жасаған. Салдарынан баланың аяғы қызарып, ісіп кеткен.
"Инъекциядан кейін препаратқа аллергиялық реакция пайда болды. Ешкім аллергияға сынама алған жоқ, бірақ мен баланың осы препаратқа аллергиясы бар-жоғын білмеймін. Бөксеге инъекция жасалды, содан кейін бүкіл бөксе мен аяқ қызарып, ісінген", - деп жазды баланың анасы.
Әйелдің айтуынша, сәби ауыр жағдайда реанимацияда жатыр. Оған тіпті қан құю қажет болған. Ал Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасы баланың қазіргі жағдайын ауыр деп отыр.
"Бұл факт бойынша қызметтік тергеу жүргізіледі. Тергеу нәтижелері туралы қосымша хабарланатын болады. Қазіргі уақытта баланың жағдайы ауыр, толық көлемде ем алып жатыр. Бала жазылып кетеді деп болжаймыз", - деді ведомство.