Отбасындағы зорлық-зомбылық: іс қозғау үшін жәбірленушінің арызы қажет болмайды

© Sputnik / Тимур БатыршинИллюстративті фото
Иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.12.2022
Жазылу
АСТАНА, 14 желтоқсан – Sputnik. Ішкі істер министрлігі отбасылық және зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті қатаңдатады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
ІІМ басшысы Марат Ахметжановтың айтуынша, тұрмыстық саладағы зорлық-зомбылықты арызсыз анықтау енгізіледі.
"Бұл полицияға жәбірленушінің өтінішінсіз тұрмыстық зорлық-зомбылық жасау фактісі бойынша әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қозғауға мүмкіндік береді", - деді министр үкімет кулуарында.
Сонымен қатар зорлық-зомбылық қайталанған жағдайда, тараптар сотта татуласа алмайды.
Бұдан бөлек, кінәлі адамды әкімшілік қамауға алудың нақты мерзімдері бекітіледі. Қазір он тәулікке дейін ғана болса, енді 10, 15, 20 тәулікке қамауға алынады.
Қайталанған құқықбұзушылықтар үшін әкімшілік қамауға алу мерзімі 20-дан 25 тәулікке дейін ұзартылады.
Министрдің айтуынша, осы түзетулер мүдделі мемлекеттік органдармен келісілді. Қазір олар президент әкімшілігінің қарауында жатыр.
Жаңалықтар
0