"Мұқағали" фильмі халықаралық кинофестивальде бірден бес жүлдені жеңіп алды

© Photo : КазахфильмФильм "Мукагали"
Фильм Мукагали - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.12.2022
Жазылу
АЛМАТЫ, 14 желтоқсан – Sputnik. Белгілі кинорежиссер Болат Қалымбетовтың "Мұқағали" көркем фильмі Шотландияда өткен халықаралық Сент-Эндрюс кинофестивалінде бес бірдей жүлдені жеңіп алды, деп хабарлайды "Қазақфильм" киностудиясының баспасөз қызметі.
Айта кетейік, Сент-Эндрюс кинофестивалі (SАFF) - бұл халықаралық кинофестиваль. Бұл Шотландия мен бүкіл әлем бойынша кино саласындағы таланттардың есімдері белгілі болатын айтулы шара.
"Мұқағали" көркем фильмі бір жылда 10 халықаралық сыйлыққа ие болды. Бұл бұрын- сонды болмаған үлкен қуанышты жаңалық. Барша қазақ киносын қадірлейтін көрермендерге алғысымды білдіремін. Қазақтың ұлы ақының ұлықтаған фильм жастарға тек шабыт берсін, Мұқағали атамыздың өнерін дарытсын деп тілегім келеді! Тәуелсіздік күні қарсаңында әлемнің белді сыншылары өз бағасын берген бұл жүлделер- қазақ халқының ортақ жеңісі!", - деді фильмнің режиссері Болат Қалымбетов.
Белгілі қазақ ақыны Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына арналған "Мұқағали" картинасы оның өмірінің соңғы жылдары туралы баяндайды. Фильмді ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясымен түсірілді.
Қазақстандық прокатқа фильм 2021 жылдың 21 қазанында шыққан болатын. Фильмнің әлемдік премьерасы 25-ші (PÖFF) Таллин кинофестивалі аясында өтті, онда қазақстандық картина экуменикалық қазылар алқасының жүлдесіне ие болды.
Айта кетейік, ағымдағы жылдың наурыз айында өмірбаяндық картина Үндістандағы Кералада өткен 26-шы Халықаралық кинофестивальдің "Әлемдік кино" секциясында ұсынылды.
Қыркүйек айының басында "Мұқағали" фильмі Қазан кинофестивалінде қазылар алқасының арнайы жүлдесіне ие болды. Сондай-ақ, фильм Гатчинадегі (Ресей) "Әдебиет және кино" Халықаралық кинофестивалінде қоюшы-суретші Ермек Өтегеновтың үздік жұмысы үшін қазылар алқасының арнайы дипломына ие болды. Қазан айында фильм Дубайдағы META Film Fest кинофестивалінде 70-тен астам фильм ішінен бас жүлдеге ие болды.
Жаңалықтар
0