Кеншілер зейнет жасын төмендетуді талап етіп отыр – жұмыс тобы құрылды

© Sputnik / Павел Лисицын / Медиабанкке өтуАрхивтегі фото
Архивтегі фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.12.2022
Жазылу
АСТАНА, 14 желтоқсан – Sputnik. Кеншілердің зейнет жасын төмендету мәселесі қаралады. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қазіргі таңда арнайы жұмыс тобы құрылды. Оған ұлттық банк, қаржы нарығын реттеу агенттігінің өкілдері және зиянды өндірісте істейтін жұмысшылар кіреді.
"Кеншілердің өздері зейнет жасын төмендетуді ғана сұрап отыр. Басқа мәселе жоқ. Зейнет жасын төмендетуге болады. Бірақ зейнетақының көлемі қандай болады? Негізгі мәселе сол емес пе? Ертең ол адам 50 жаста шығып, зейнетақысы төмен болса, тағы мәселе туындайды. Сондықтан зейнетақының көлемін қалай арттырамыз? Оны қайсы жарнаның есебін төлеу керек? Оны да талқылаймыз", - деді Дүйсенова мәжіліс отырысынан кейінгі брифингте.
Бұдан бөлек, жұмыс тобы сақтандыру мәселесін де қарастырады. Атап айтқанда, жұмысшы мүгедек болып қалса, оңалту шараларын сақтандыру компанияларының есебінен төлеу ұсынылып отыр.
"Жалпы, осы үш-төрт бағыттың аясында зейнет жасын да, зейнетақы мөлшерін де дұрыс белгілеу мәселесін шешуге тырысамыз", - деп түйіндеді Дүйсенова.
Жаңалықтар
0