Бас прокуратура қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқандар санына қатысты қауесетке жауап берді

© AP Photo / Vladimir TretyakovДемонстрант возвращает щит сотруднику ОМОНа во время акции протеста в Алматы, Казахстан, в среду, 5 января 2022 г.
Демонстрант возвращает щит сотруднику ОМОНа во время акции протеста в Алматы, Казахстан, в среду, 5 января 2022 г.  - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.12.2022
Жазылу
АСТАНА, 14 желтоқсан – Sputnik. Қаңтар оқиғасы кезінде 238 азамат көз жұмды. Бұл туралы бас прокуратураның 1 қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Әлеуметтік желілерде жекелеген азаматтар қҚаңтар оқиғасы" кезінде қаза болған азаматтардың санына сенімсіздік білдіретін жазбалар жариялайды. Қаңтар оқиғалары кезінде 238 азамат қайтыс болды деп ресми түрде мәлімдейміз. Әрбір өлім фактісі бойынша тергеу органдары сотқа дейінгі іс жүргізуді тіркеді", - деді ол брифингте.
Қилымжанов қаза тапқандар туралы сандық деректер сенімді, жүргізілген сотқа дейінгі тергеу аясында қайта тексерілген.
Бас прокуратураның өкілі Қылмыстық кодексте көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік көзделгенін еске салды.
Жаңалықтар
0