"Балуан Шолақ" фильмі Үндістанда көрсетілді

© Photo : UnsplashЧто известно о закрытии кинотеатров в Казахстане?
Что известно о закрытии кинотеатров в Казахстане? - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.12.2022
Жазылу
АЛМАТЫ, 14 желтоқсан – Sputnik. Қазақстан мен Үндістан арасындағы дипломатиялық қатынастың 30 жылдық мерейтойы аясында отандық фильм үнді жерінде көрсетілді, деп хабарлады сыртқы істер министрлігі.
Үндістанның Нойда қаласында режиссер Нұргелді Садығұловтың "Балуан Шолақ" көркем фильмінің көрсетілімі өтті.
Іс-шараны Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ қолдауымен Қазақстанның Үндістандағы елшілігі мен "Marwah Studios Complex" компаниясы бірлесіп ұйымдастырды.
Қазақстан-Үндістан кино және мәдениет форумы 300-ден астам көрерменді жинап, олардың қатарына дипломатиялық корпус өкілдері, Үндістан кинематографиясының өнер қайраткерлері, жас және жаңадан бастаған кинематографистер, сондай-ақ отандастарымыз қатысты.
Форум қонақтары арасында Абай Құнанбайұлының хинди тіліне аударылған "Қара сөзі", сондай-ақ Қазақстан туралы ақпараттық материалдар таратылды.
Сонымен қатар Телангана штатындағы Хайдарабад қаласында белгілі қазақстандық режиссер Ақан Сатаевтың қазақ халқының жоңғарларға қарсы азаттық соғысы туралы баяндайтын "Жаужүрек мың бала" картинасы көрсетілді.
Жаңалықтар
0