Атырауда есірткіге елтіген жүргізуші ұсталды – әйел елден шығарылды

© Sputnik / Алексей Мальгавко / Медиабанкке өтуЖенщина за рулем, архивное фото
Женщина за рулем, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.12.2022
Жазылу
АЛМАТЫ, 14 желтоқсан – Sputnik. Атырауда есірткіге елтіген жүргізуші әйел ұсталды, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қол сөмкесіне әр түрлі 34 дана психотроптық дәрі-дәрмек салып жүрген Өзбекстан азаматына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабымен әкімшілік хаттама толтырылып, іс-құжаттар әкімшілік сотқа жолданған болатын. Тексеріс барысында тәртіп сақшылары 30 жастағы әйел мен оның 6 баласының құжатсыз жүргенін анықтаған.
Әйел Атырау қаласына 2013 жылы келіп, жеке басын анықтайтын құжаттарын жоғалтып алған. Атырау қалалық полиция басқармасының көші-қон қызметкерлері қалалық перзентханадан кәмелетке толмаған алты балаға туу туралы анықтама алып берді. Өзбекстан Республикасының елшілігінен қайтару куәлігін де алып берген.
Атырау қаласы бойынша әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының қаулысымен 30 жастағы Өзбекстан Республикасының азаматы алты баласымен Қазақстан аумағынан шығарылды.
Автомобиль скорой помощи в пробке  - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.11.2022
Жүргізуші мас болған: Талдықорғанда 4 жасар бала жол апатынан көз жұмды
Жаңалықтар
0