Аргентина құрамасы Катарда өтіп жатқан әлем чемпионатының финалына шықты

© AP Photo / Manu FernandezАргентина - Хорватия матчы
Аргентина - Хорватия матчы - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.12.2022
Жазылу
АСТАНА, 14 желтоқсан – Sputnik. Футболдан Аргентина құрамасы Катарда өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалында Хорватия командасын ойсырата ұтты.
"Лусаил Айконик" стадионында өткен кездесу 3:0 есебімен аргентиналықтардың пайдасына аяқталды, Хулиан Альварес дубль жасады, ал Месси пенальтиден гол соқты.
Месси 11-ші голын соғып, әлем чемпионатындағы голдар саны бойынша ұлттық құраманың рекордсмені атанды. Хорватия құрамасымен кездесу Месси үшін әлем чемпионатындағы 25-ші матч болды.
Екі дүркін әлем чемпионы аргентиналықтар тарихта алтыншы рет финалға шықты. Олар 18 желтоқсан күні Франция мен Марокко құрамалары арасындағы матчтың жеңімпазымен ойнайды.
Аргентина құрамасы әлем чемпионатының финалдық кезеңіне шығу саны бойынша Италиямен және Бразилиямен теңесті. Бұл көрсеткіш бойынша аргентиналықтар Германия құрамасына (әлем чемпионатының 8 финалы) ғана жол беріп тұр.
Жаңалықтар
0