Алматыда жаппай жол апаты болды: зардап шеккендер бар

© Sputnik / Владислав ВодневПолицейское авто и автомобиль скорой помощи, иллюстративное фото
Полицейское авто и автомобиль скорой помощи, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.12.2022
Жазылу
АЛМАТЫ, 14 желтоқсан – Sputnik. Алматыда "барахолка" базары маңында жаппай жол апаты болды. Салдарынан төрт адам зардап шекті.
Қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің айтуынша оқиға 14 желтоқсан таңғы сағат сегізде болған.
"Mercedes маркалы автокөлік жүргізушісі солтүстік айналым көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, рульге ие бола алмай, қарсы бағыттағы жолға шығып кеткен. Салдарынан Nissan маркалы автокөлікпен соқтығысып қалды. Онымен қоймай оң жақтағы Toyota-ға және одан әрі Isuzu көлігіне соғылған. Төрт адам дене жарақатын алды, оның екеуі көлік жүргізушісі, екеуі жолаушы", - деп хабарлады жергілікті полиция қызметі басқармасының кезекші бөлімі.
Алматы қаласы Жетісу аудандық полиция басқармасының қызметкерлерімен жол апатына қатысты тексеру болып жатыр.
Жаңалықтар
0