Алматыда студенттер үйіне қайтарылып жатыр – министрлік не дейді

© Sputnik / Серикжан КовланбаевАлматыдағы Панфилов көшесі
Алматыдағы Панфилов көшесі - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.12.2022
Жазылу
АЛМАТЫ, 14 желтоқсан – Sputnik. Алматыдағы студенттер сессиясын ерте тапсырып, шұғыл түрде үйіне қайтарылып жатыр. Орталық коммуникация қызметінде ғылым және жоғары білім министрлігі ғылым комитетінің төрағасы Дархан Ахмед-Зәки мұның себебін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Оның айтуынша, кейбір оқу орындары студенттерді үйіне ерте қайтарып, сессияны онлайн тапсыртып жатыр.
"Бұл оқу үрдісін ұйымдастыратын комитеттердің құзырында. Әрбір жоғарғы оқу орнының өз жоспары, бағдарламасы бар. Жауапты мамандар жақында мәлімет береді. Мұндай тәжірибе ковид кезінде де болды. Сұрақтарыңыз болса, жазыңыздар. Біздің комитет жауап береді", - деп жауап берді Дархан Ахмед-Зәки.
"16 желтоқсанда қаңтар оқиғасы қайталанбас үшін жасалған шара ма?" деген журналистер сұрағына министрлік өкілдері тұшымды жауап қайтармады.
Айта кетері, шалғай ауылдардың кейбірінде интернет жоқ, сол себепті сессияны тапсыра алмауы мүмкін. Студенттердің ендігі жайы не болатыны белгісіз.
Жаңалықтар
0