https://sputnik.kz/20221214/2029-zhylga-qaray-12-mln-adam-tabigi-gazben-qamtylady--ministr-30323008.html
2029 жылға қарай 12 млн адам табиғи газбен қамтылады – министр
2029 жылға қарай 12 млн адам табиғи газбен қамтылады – министр
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 14 желтоқсан – Sputnik. 2029 жылға қарай халықтың 65%-ы табиғи газбен қамтылады. Бұл туралы энергетика министрі Болат Ақшолақов мәлімдеді, деп... 14.12.2022, Sputnik Қазақстан
2022-12-14T09:08+0500
2022-12-14T09:08+0500
2022-12-14T09:09+0500
газ
https://sputnik.kz/img/07e5/03/01/16416680_0:275:2833:1869_1920x0_80_0_0_c3f95452be50afa4a4b4f881912ec31b.jpg
АСТАНА, 14 желтоқсан – Sputnik. 2029 жылға қарай халықтың 65%-ы табиғи газбен қамтылады. Бұл туралы энергетика министрі Болат Ақшолақов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі."Министрлік халықты газдандыру деңгейін 2029 жылға қарай 65%-ға дейін жеткізуді жоспарлап отыр, бұл 12 млн адамды табиғи газбен қамтамасыз етеді", - деді Ақшолақов үкімет отырысында.Сондай-ақ энергетикалық қауіпсіздік мәселелерін күшейту үшін 2029 жылға қарай 3,7 ГВт энергия генерациялайтын қуаттар енгізіледі. Оның ішінде 1,8 ГВт электр станцияларын жаңғырту және 1,9 ГВт жаңа бу-газ қондырғыларын салу жоспарлануда.Ал 2026 жылға қарай жаңартылатын энергия көздерінің 50-ден астам объектісі іске қосылады. Осылайша жаңартылатын энергия өндірісінің көлемі 1,5 есе өседі және ел бойынша электр энергиясының жалпы өндірісінде 7%-ға жетеді, деді министр.Бұдан бөлек 2029 жылға дейін Ұлттық электр желісін жаңғырту, оның ішінде Батыс Қазақстанның электр желілерін Біртұтас электр энергетикалық жүйеге қосу бойынша жұмыстар жүргізіледі.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/03/01/16416680_0:0:2731:2048_1920x0_80_0_0_eb234416c8871e520b450b5b9254eee9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
газ
2029 жылға қарай 12 млн адам табиғи газбен қамтылады – министр
09:08 14.12.2022 (жаңартылды: 09:09 14.12.2022) АСТАНА, 14 желтоқсан – Sputnik. 2029 жылға қарай халықтың 65%-ы табиғи газбен қамтылады. Бұл туралы энергетика министрі Болат Ақшолақов мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Министрлік халықты газдандыру деңгейін 2029 жылға қарай 65%-ға дейін жеткізуді жоспарлап отыр, бұл 12 млн адамды табиғи газбен қамтамасыз етеді", - деді Ақшолақов үкімет отырысында.
Сондай-ақ энергетикалық қауіпсіздік мәселелерін күшейту үшін 2029 жылға қарай 3,7 ГВт энергия генерациялайтын қуаттар енгізіледі. Оның ішінде 1,8 ГВт электр станцияларын жаңғырту және 1,9 ГВт жаңа бу-газ қондырғыларын салу жоспарлануда.
Ал 2026 жылға қарай жаңартылатын энергия көздерінің 50-ден астам объектісі іске қосылады. Осылайша жаңартылатын энергия өндірісінің көлемі 1,5 есе өседі және ел бойынша электр энергиясының жалпы өндірісінде 7%-ға жетеді, деді министр.
Бұдан бөлек 2029 жылға дейін Ұлттық электр желісін жаңғырту, оның ішінде Батыс Қазақстанның электр желілерін Біртұтас электр энергетикалық жүйеге қосу бойынша жұмыстар жүргізіледі.