https://sputnik.kz/20221213/toqaev-gautam-adanidi-qabyldady-30297272.html
Тоқаев Гаутам Аданиді қабылдады
Тоқаев Гаутам Аданиді қабылдады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 13 желтоқсан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Adani Group компаниясының президенті Гаутам Аданиді қабылдады, деп хабарлады президенттің... 13.12.2022, Sputnik Қазақстан
2022-12-13T12:59+0500
2022-12-13T12:59+0500
2022-12-13T12:59+0500
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07e6/0c/0d/30296019_0:0:1281:721_1920x0_80_0_0_1507d3f4aad59af298499ab165c8cf25.jpg
АСТАНА, 13 желтоқсан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Adani Group компаниясының президенті Гаутам Аданиді қабылдады, деп хабарлады президенттің баспасөз қызметі.Кездесу барысында ұзақмерзімді және стратегиялық маңызы бар инвестициялық жобаларды жүзеге асыру перспективалары талқыланды.Президент үндістандық мультиұлттық Adani Group конгломератының өңірдегі көлік инфрақұрылымын дамыту жоспарына оң баға берді. Мемлекет басшысы Қазақстан көлік бағыттарын әртараптарандыру жұмыстарын жүргізіп, Транскаспий халықаралық көлік бағдарын белсенді дамытып келе жатқанын атап өтті.Өз кезегінде Гаутам Адани мемлекет басшысына компания энергетика, мұнай-химия, жаңартылатын энергия көздері және экономиканың басқа да маңызды секторларында Қазақстан тарапымен ынтымақтастық орнатуға мүдделі екенін айтты.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0c/0d/30296019_50:0:1115:799_1920x0_80_0_0_93391e8f01260b83e593ca56f4ffe0a4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев
Тоқаев Гаутам Аданиді қабылдады
АСТАНА, 13 желтоқсан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Adani Group компаниясының президенті Гаутам Аданиді қабылдады, деп хабарлады президенттің баспасөз қызметі.
Кездесу барысында ұзақмерзімді және стратегиялық маңызы бар инвестициялық жобаларды жүзеге асыру перспективалары талқыланды.
Президент үндістандық мультиұлттық Adani Group конгломератының өңірдегі көлік инфрақұрылымын дамыту жоспарына оң баға берді. Мемлекет басшысы Қазақстан көлік бағыттарын әртараптарандыру жұмыстарын жүргізіп, Транскаспий халықаралық көлік бағдарын белсенді дамытып келе жатқанын атап өтті.
Өз кезегінде Гаутам Адани мемлекет басшысына компания энергетика, мұнай-химия, жаңартылатын энергия көздері және экономиканың басқа да маңызды секторларында Қазақстан тарапымен ынтымақтастық орнатуға мүдделі екенін айтты.