Қазақстанда смартфондардың 6 проценті ғана 5G ұстайды

© Photo : Fotodom5G байланысын ұстайтын смартфонның иллюстрациясы
5G байланысын ұстайтын смартфонның иллюстрациясы - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.12.2022
Жазылу
АСТАНА, 13 желтоқсан – Sputnik. Бүгінде қазақстандықтардың барлығы бірдей 5G желісіне дайын емес. Себебі оны ұстайтын смартфон жоқ, деп хабарлады Finprom.kz.
Бұған дейін цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі жыл соңына дейін республикалық маңызы бар үш қалада (Алматы, Астана және Шымкент) 5G байланысы іске қосылатынын хабарлаған. Ал 2023–2025 жылдары облыс орталықтарында орнатылады.
"Алайда қазақстандықтардың барлығы бірдей 5G желісіне дайын емес. Желіні іске қосудан бөлек, оны ұстайтын смартфон керек. Ал ондай ұялы телефондар қымбат. Мәселен, танымал қазақстандық маркетплейстерде 5G ұстайтын смартфондардың бағасы 100 мың теңгеден басталады. Бұның барлығы – қытайлық брендтер, Samsung пен Apple емес. 5G опциясы бар ондай телефондар 250 мың теңгеден жоғары, ал флагмандық модельдер одан да қымбат", - дейді мамандар.
Ал Beeline Kazakhstan компаниясының мәліметінше, 5G желісін ұстайтын смартфонды абоненттердің 6 проценті ғана қолданып жүр. Өңірлерде бұл көрсеткіш 4 проценттен басталады. Соның ішінде Солтүстік Қазақстан, Жетісу, Қызылорда және Жамбыл облыстары бар. Алматы мен Алматы облысында 11 процентке дейін жетеді.
Биыл он айдың ішінде қазақстандықтар Samsung маркалы телефонды көп алған. Қазіргі кезде компания нарықтың 35,6 процентін иемденіп отыр. Дегенмен былтыр бұл көрсеткіш 39,9 процент болған. Ал Apple-дің үлесі 21,1%-ден 24,1-ге дейін өскен. Одан кейін қытайлық Xiaomi (19,4%) келеді. Ол да биыл өз үлесін арттырды.
Бұдан бөлек, қазақстандықтар Oppo (9,4%), Huawei (4,6%), Vivo (3,9%), Realme (1%) және OnePlus (0,4%) смартфондарын жиі сатып алады.
Жаңалықтар
0