Қарағандыда мүгедектер қоғамының мүшесі өзін-өзі өртеп жібермек болды

© Photo : pixabay.comИллюстративті фото
Иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.12.2022
Жазылу
АСТАНА, 13 желтоқсан – Sputnik. Қарағандыда мүгедектер қоғамының мүшесі облыстық полиция департаменті алдында өзін-өзі өртеп жібере жаздады. Айтуынша, полиция бөлімдеріне қоршау тұрғызғаны үшін оған 117 милллион теңге төлемеген, деп хабарлады КТК.
Мүгедектер қоғамы төрағасы Дәурен Әминов полиция департменті алдындағы жолды жапты. Департамент бастығының орынбасарына арналған талабы жазылған плакатты да ағашқа кере ілген. Қолында бензин толы құты мен оттығы бар. Отынды жерге төгіп тұтатып та жіберді.
Алайда шығуын сұраған Байженов қара көрсетпеді. Керісінше, оның өзін ұстап, қамауға алынды.
Дәурен Әминовтың айтуынша, мүгедектер қоғамы төрт полиция бөлімінің қоршауын тұрғызған. Бірақ оның екеуін Байженов жетекшілік ететін комиссия қабылдамапты. Тиісінше, келісілген 117 миллион теңге төленбеген.
Полиция мүгедектер қоғамын сотқа беріп, жауапсыз мердігерді тануды көздейді. Ал өзін өртемек болған оның өкілін бұзақылығы үшін жазаға тартпақшы.
"Сапасы қабылдап алған жақтыкімен бірдей. Екеуін қабылдап алды да, екеуін мүлдем қабылдаған жоқ. Себебі оның өзінің, яғни Байженовтың фирмасы ұтып алуы керек болған. Қаржы бақылауы арқылы мен ұтып алдым. Енді соның өшін алып жүр", - дейді "ЖанДос" мүгедектер қоғамының мүшесі Дәурен Әминов.
"Олардың жұмысы сапасыз жасалған. Қарағанды облысық ПД мамандары "ЖанДос" қоғамдық ұйымының өкілдеріне жұмыс істелген жерге шығып көрсеткен. Аталған дерекпен департаменттің заң бөлімі сотқа арыз түсіріп, сот оларға 30 қарашаға дейін кемшілігін түзетуге уақыт берген. Десе де жауап беруші тарап оны орындамаған", - деп түсіндірді Қарағанды облысы ПД баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.
Жаңалықтар
0