Косовода жағдай шиеленісті

© AP Photo / Visar KryeziuКосово
Косово - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.12.2022
Жазылу
Балқан түбегіндегі әскери-саяси дағдарыс салдарынан Еуропа Ресей және Қытаймен тікелей қақтығысқа түсіп, Ескі Әлемнің ресурстары америкалық экономикаға ығысып кету қаупі бар, деп жазды ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.
11 желтоқсан күні кешке 10 мыңға жуық серб жауынгері – арнайы жасақ, 63-ші десантшылар бригадасы және жандармерия Косовоға қарай аттанды.
Сербия президенті Александр Вучич халыққа жолдауында бұл күн өзі үшін 2017 жылдан бергі ең күрделі күн болғанын айтты. Ол "Біз тығырыққа тірелдік" деп айтты. Халықаралық қауымдастық Косово билігінің өлкедегі серб анклавтарын жоюға бағытталған әрекетіне көз жұмып отыр.
15 желтоқсанда Белград KFOR миссиясына (НАТО-ның Косоводағы миссиясы) БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 1244 резолциясына сәйкес Косово мен Метохия аумағында күштерді орналастыруға өтініш жолдауды жоспарлап отыр.
"Соңғы айларда Косово тыныштығынан айырылды. 1 қарашадан бастап Сербия Қарулы күштері өзін-өзі жариялаған "Косово Республикасы" билігінің кез келген арандатушылығына қатысты жедел әрекет ету үшін әскери әзірліктің жоғары деңгейінде тұр. Ара-тұра атыс болып жатыр. Мысалы, Митровицада бес жарылыс тіркелді", - деп жазды Хроленко.
Брюссель келісіміне қарамастан, 8 желтоқсанда өзін-өзі жариялаған "Косово республикасы" арнайы жасағының 300-ге жуық әскери қызметкері Косовоның солтүстігі мен сербтер тұратын Метохияға басып кірді.
Бұған дейін парламенттің арнайы отырысында Александр Вучич Приштинаның біржақты қадамдарынан кейін Косоводағы қақтығыс қаупі артқанын атап өтті.
Сербияның жаңа үкіметі қазан айының соңында Косовоны ел құрамында қалдыру бойынша міндеттемені алды. Ал өзін-өзі жариялаған "Косово республикасының" басшылары серб нөмірлері бар көліктерді міндетті түрде қайта тіркеуді кейінге қалдырудан бас тартып, шиеленіс тудырды.
РФ сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Мария Захарованың айтуынша, Ресейдің өзін-өзі жариялаған Косовоны мойындамау ұстанымы дәйекті және ешқашан өзгермейді.
Мәскеу серб халқының жеке құжаттары мен көліктерінің тіркеу нөмірлерін мәжбүрлеп ауыстыруды Косоводағы тұрғындардың құқығын қорғайтын мемлекеттік институттарды жоққа шығару деп санайды.
Ресейдің Сербиядағы елшісі Александр Боцан-Харченко Приштина Косовоның серб аймақтарын игеру мақсатында дөрекі күшке сүйенетінін атап өтті. 11 желтоқсанда Александр Вучич Косово үкіметін қамауға алынған этникалық сербтерді шұғыл босатуға шақырды.
10 желтоқсанда косоволық сербтер "терроризм" үшін айыпталып, экс-полицей Деян Пантичті ұстаған соң өлкенің солтүстігіндегі тас жолдарға тосқауылдар қойды. Кеше өзін-өзі жариялаған Косово республикасының арнайы жасағы өлкенің солтүстігіндегі Сербияның төрт аймағын сумен қамтамасыз ететін негізгі су электр станциясы мен Газиводе бөгетін басып алды. Наразылықтар аумағы артып жатыр, Косовоның солтүстігі мен Метохиядағы серб мектептері жұмысын тоқтатты.
Косоводағы жағдайды реттеу үшін БҰҰ мен ЕО-ның араласуы жеткілікті болар еді. Бұған дейін Приштинаға сапары кезінде Германия канцлері Олаф Шольц Белградты "Косовоны мойындау процесінде прагматикалық болуға" шақырды.
"Атлантистер, дәлірек айтқанда, Приштинадағы АҚШ елшілігінің қызметкерлері Косоводағы серб халқын қорғау үшін Сербияны әскери әрекетке итермелеуге, Ресейді сербтер жағындағы қақтығысқа араласуға мәжбүрлеуге тырысып жатыр. Бұл әскери арнайы операция аймағындағы орыс әскерінің қысқы шабуылына кедергі жасау үшін жасалады", - деп жазды Хроленко.
Мәскеу Белградқа Приштина және НАТО әскерімен қақтығыста әскери-техникалық, экономикалық және саяси-дипломатиялық құралдармен көмектесе алады. Жалпы, Ресеймен әскери-техникалық ынтымақтастық Сербияға соңғы жылдары қорғаныс қабілетін айтарлықтай нығайтуға мүмкіндік берді. Белград Мәскеуден сыйлық ретінде алты МиГ-29 ұшағы мен он БРДМ-2МС броньдалған тасымалдаушы алды. Сонымен қатар жеті Ми-17 және Ми-35 тікұшағын, 30 Т-72МС модернизацияланған танкін, 30 БРДМ-2 броньдалған машинасын, алты "Пантсир-С1" зымыран-зеңбірек жүйесін сатып алды. Сербия армиясының жауынгерлік құрамы 25 мыңнан астам әскери қызметшіні, 117 ұшақ пен тікұшақты, 323 танкті, 1 133 басқа броньдалған техниканы, 406 зымыран қондырғысын, 497-ге жуық артиллерияны қамтиды. Сербия теңізге шыға алмайды. Бірақ Дунайда алты патрульдік қайықтан, төрт мина тазартқыш және екі понтондық батальоннан тұратын өзен флотилиясы жұмыс істейді. Белградтың бүкіл елде тәртіпті қалпына келтіру үшін әскери күші жеткілікті.
Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы.
Жаңалықтар
0