https://sputnik.kz/20221213/biyl-soltustikten-koship-bargandardyn-arasynda-qaytyp-ketkenderi-qansha-30305702.html
Биыл солтүстіктен көшіп барғандардың арасында қайтып кеткендері қанша
Биыл солтүстіктен көшіп барғандардың арасында қайтып кеткендері қанша
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 13 желтоқсан – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі солтүстіктен оңтүстікке қайтып келген қазақстандықтардың санын жариялады, деп... 13.12.2022, Sputnik Қазақстан
2022-12-13T16:28+0500
2022-12-13T16:28+0500
2022-12-13T16:28+0500
солтүстік қазақстан облысы
қоныс аударушылар
https://sputnik.kz/img/old/836/78/8367826_0:0:2615:1470_1920x0_80_0_0_1a320a61a78fa127343464d70917af13.jpg
АСТАНА, 13 желтоқсан – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі солтүстіктен оңтүстікке қайтып келген қазақстандықтардың санын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Көші-қон комитеті төрағасының міндетін атқарушы Ілияс Испановтың айтуынша, биыл бағдарлама аясында оңтүстіктен солтүстікке 7 556 адам көшіп барған. Министрлік өкілі қайтып кетудің себебін де айтты. Мәселен, 30 адамға өзі тапқан жұмысы ұнамай қалды. Сол себепті қайтадан туған жеріне көшіп кеткен. "Сосын 33 адам бара сала, қайтып кеткен. Оларға сол жақтың климаты ұнамады", - деп атап көрсетті Испанов. Осы орайда министрлік солтүстікке көшіп барғандарға ақша берілетінін еске салды. Ал қайтып кетсе, оны қайтару қажет. Қарыз өтелмеген жағдайда ақшаны сот арқылы өндіріп алады. Биыл оңтүстікке қайтып кеткен 40 адам қаржылай көмек алып үлгерді. Барлығы ақшаны қайтаруы тиіс.
солтүстік қазақстан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/836/78/8367826_0:0:2615:1962_1920x0_80_0_0_f4d8adc27b40c7d802e80b335ab65263.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
солтүстік қазақстан облысы, қоныс аударушылар
солтүстік қазақстан облысы, қоныс аударушылар
Биыл солтүстіктен көшіп барғандардың арасында қайтып кеткендері қанша
АСТАНА, 13 желтоқсан – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі солтүстіктен оңтүстікке қайтып келген қазақстандықтардың санын жариялады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Көші-қон комитеті төрағасының міндетін атқарушы Ілияс Испановтың айтуынша, биыл бағдарлама аясында оңтүстіктен солтүстікке 7 556 адам көшіп барған.
"Олардың ішінде 1 200-дей қандас, қалғаны – оңтүстіктің азаматтары, қазақстандықтар. 76 қайтып оңтүстікке кетіп қалған, ол 1 процент қана", - деді Испанов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Министрлік өкілі қайтып кетудің себебін де айтты. Мәселен, 30 адамға өзі тапқан жұмысы ұнамай қалды. Сол себепті қайтадан туған жеріне көшіп кеткен.
"Сосын 33 адам бара сала, қайтып кеткен. Оларға сол жақтың климаты ұнамады", - деп атап көрсетті Испанов.
Осы орайда министрлік солтүстікке көшіп барғандарға ақша берілетінін еске салды. Ал қайтып кетсе, оны қайтару қажет. Қарыз өтелмеген жағдайда ақшаны сот арқылы өндіріп алады. Биыл оңтүстікке қайтып кеткен 40 адам қаржылай көмек алып үлгерді. Барлығы ақшаны қайтаруы тиіс.