"Ата жолы" визасы қашан беріледі

© Photo : Акимат Мангистауской областиВ Мангистаускую область прибыли кандасы из Исламской Республики Иран
В Мангистаускую область прибыли кандасы из Исламской Республики Иран - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.12.2022
Жазылу
АСТАНА, 13 желтоқсан – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі "Ата жолы" визасын беру мерзімін атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Көші-қон комитеті төрағасының міндетін атқарушы Ілияс Испановтың айтуынша, бастапқыда 100 карта шығару жоспарланып отыр.
"Заң қабылданса, келесі жылы мамыр айында іске қосуды жоспарлап отырмыз. Қазіргі кезде "Құтты мекен" бірыңғай ақпараттық базасын жасап жатырмыз. Соның мобильді қосымшасы арқылы сыртқы істер министрлігіне өтініш жіберуге мүмкіндік болады. Инвестициялар комитеті оң шешім шығарса, виза беріледі. Бұл – инвесторлық виза. Сол адам келіп, өз өндірісін іске қосқаннан кейін 10 жылға тұруға ықтиярхат беріледі", - деді Испанов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Айта кетері, бұған дейін министр Тамара Дүйсенова шетелде тұратын этникалық қазақтарға Қазақстанда өз кәсібін ашу үшін америкалық грин-картаға ұқсас "Ата жолы" картасы берілетінін мәлімдеген.
Осылайша, этникалық қазақтар 10 жылға жеңілдетілген виза рәсімдеп, Қазақстанда өз кәсібін дамытуға мүмкіндік алады.
Жаңалықтар
0