https://sputnik.kz/20221212/toqaev-ukimette-ministrler-men-akimderdi-zhinap-otyrys-otkizip-zhatyr-30259127.html
Президент үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізіп жатыр
Президент үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізіп жатыр
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 12 желтоқсан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен үкіметтің кеңейтілген отырысы басталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан... 12.12.2022, Sputnik Қазақстан
2022-12-12T09:48+0500
2022-12-12T09:48+0500
2022-12-12T10:03+0500
саясат
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/05/29065137_0:157:3083:1891_1920x0_80_0_0_74d2e06c4c34367533dd8554b6b854bc.jpg
АСТАНА, 12 желтоқсан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен үкіметтің кеңейтілген отырысы басталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Жиында еліміздің биылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері туралы есеп беріледі. Сондай-ақ үкіметтің 2023 жылға арналған жұмыс жоспары қаралады.Отырыс барысында премьер-министр Әлихан Смайылов, Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов, сондай-ақ бірқатар өңірдің әкімдері есеп береді.Айта кетері, Қасым-Жомарт Тоқаев екінші рет президент болып сайланғаннан кейін үкіметтің кеңейтілген отырысын алғаш рет өткізіп жатыр.20 қарашада өткен президент сайлауында Тоқаев 81,31 пайыз дауыс жинап жеңіске жеткен еді.Ұлықтау рәсімінен кейін мемлекет басшысы облыстардың жаңа әкімдерін тағайындады. 20 әкімнің ішінде 14-і бұрынғы қызметінде қалды, алты өңірге жаңа басшы келді.Дәлірек айтқанда, Қарағанды облысының экс-әкімі Жеңіс Қасымбек Астананы басқарды. Оның орнына Қарағанды облысына Ермағанбет Бөлекпаев барды. Бұрынғы ауыл шаруашылығы вице-министрі Айдарбек Сапаров Солтүстік Қазақстан облысының әкімі болды. Құмар Ақсақалов Қостанай облысына ауысты. Экс-депутат Нариман Төреғалиев Батыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды. Павлодар облысына Асайын Байханов келді.Министрлер кабинетінде елеулі өзгеріс жоқ. Елорданың бұрынғы әкімі Алтай Көлгінов қана вице-премьер болып тағайындалды. Ол әлеуметтік салаға жетекшілік етеді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/05/29065137_177:0:2906:2047_1920x0_80_0_0_f39af58e58d63eee06e06e0112fea6c2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев
АСТАНА, 12 желтоқсан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен үкіметтің кеңейтілген отырысы басталды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Жиында еліміздің биылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері туралы есеп беріледі. Сондай-ақ үкіметтің 2023 жылға арналған жұмыс жоспары қаралады.
Отырыс барысында премьер-министр Әлихан Смайылов, Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов, сондай-ақ бірқатар өңірдің әкімдері есеп береді.
Айта кетері, Қасым-Жомарт Тоқаев екінші рет президент болып сайланғаннан кейін үкіметтің кеңейтілген отырысын алғаш рет өткізіп жатыр.
20 қарашада өткен президент сайлауында Тоқаев 81,31 пайыз дауыс жинап жеңіске жеткен еді.
Ұлықтау рәсімінен кейін мемлекет басшысы облыстардың жаңа әкімдерін тағайындады. 20 әкімнің ішінде 14-і бұрынғы қызметінде қалды, алты өңірге жаңа басшы келді.
Дәлірек айтқанда, Қарағанды облысының экс-әкімі Жеңіс Қасымбек Астананы басқарды. Оның орнына Қарағанды облысына Ермағанбет Бөлекпаев барды. Бұрынғы ауыл шаруашылығы вице-министрі Айдарбек Сапаров Солтүстік Қазақстан облысының әкімі болды. Құмар Ақсақалов Қостанай облысына ауысты. Экс-депутат Нариман Төреғалиев Батыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды. Павлодар облысына Асайын Байханов келді.
Министрлер кабинетінде елеулі өзгеріс жоқ. Елорданың бұрынғы әкімі Алтай Көлгінов қана вице-премьер болып тағайындалды. Ол әлеуметтік салаға жетекшілік етеді.