Экономика

Тоқаев инфляция жайлы: соңғы 14 жылда болмаған деңгейге жетті

© Photo : Pixabay / EdarКалькулятор, архивтегі фото
Калькулятор, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.12.2022
Жазылу
АСТАНА, 12 желтоқсан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі инфляция соңғы он төрт жылда болмаған деңгейге жеткенін мәлімдеді.
Президент үкіметтің кеңейтілген отырысында алда тұрған басты міндеттер айқындалатынын атап өтті. Айтуынша, қордаланған мәселелер аз емес.
"11 айда экономиканың өсімі 4,6 пайыздан 2,7 пайызға дейін төмендеді. Инфляция соңғы 14 жылда болмаған деңгейге жетті. Қазір бұл көрсеткіш – 19,6 пайыз. Мұндай ахуал жұрттың табысына және әл-ауқатына кері әсерін тигізіп отыр", - деді Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысын ашып.
Айтуынша, халық нақты оң өзгерістер бүгін және қазір болады деп үміттеніп отыр. Осы үміт пен сенімді ақтау – алдымызда тұрған ең басты міндет әрі қастерлі парыз, деп жалғастырды сөзін ол.
Осы орайда мемлекет басшысы әрбір министр мен әкімнің жұмысы нақты іспен өлшенетінін мәлімдеді.
"Сайлау алдындағы бағдарламаны жүзеге асыру үшін арнайы жоспар қабылданды. Барлық іс-шара уақтылы және толық орындалуы керек. Әрбір министрдің, әкімнің жұмысы статистикамен, есеп-қисаппен емес, нақты нәтижемен өлшенеді", - деді Тоқаев.
Жаңалықтар
0