https://sputnik.kz/20221212/qazaqstan-oqushylar-olimpiadada-6-medal-30281263.html
Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиадада 6 медаль жеңіп алды
Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиадада 6 медаль жеңіп алды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 12 желтоқсан – Sputnik. Қазақстандық оқушылар физика, биология және химия пәндері бойынша халықаралық жасөспірімдер олимпиадасында 1 күміс және 5 қола... 12.12.2022, Sputnik Қазақстан
2022-12-12T17:31+0500
2022-12-12T17:31+0500
2023-08-09T16:03+0500
білім
оқушы
олимпиада ойындары
https://sputnik.kz/img/07e6/07/05/25956795_0:8:3075:1737_1920x0_80_0_0_3d34532745a5308d92e9cd3ebd4ee198.jpg
АСТАНА, 12 желтоқсан – Sputnik. Қазақстандық оқушылар физика, биология және химия пәндері бойынша халықаралық жасөспірімдер олимпиадасында 1 күміс және 5 қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.IJSO зияткерлік жарысы 2-12 желтоқсан аралығында Богота қаласында (Колумбия) өтті. Оған әлемнің 60 елінен барлығы 300-ден астам оқушы қатысты.Қазақстандық оқушылар былтырғы рекордты жаңартып, 2021 жылмен салыстырғанда құрама қоржынына 3 медаль артық салды.Жүлдегерлерді оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов құттықтады."Халықаралық аренада оқушылардың жеңіс легі жалғасуда. Біздің жүлдегерлерді жоғары жетістіктерімен құттықтаймын! Жаңа жеңістер тілеймін! Биыл президенттің тапсырмасымен халықаралық пәндік олимпиадалардың жеңімпаздары ЖОО-да оқу үшін грант пен 4 млн теңгеге дейін қомақты ақшалай сыйақы алды. Мұндай олимпиадалардың тізімі тағы жетеуімен толықтырылады", - деді Аймағамбетов.Айта кетері, биыл қазақстандық оқушылар ең беделді халықаралық пәндік олимпиадаларда 27 медаль жеңіп алып, жаңа рекорд орнатты. Сыйақының жалпы сомасы 73 млн теңгеден асты.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/07/05/25956795_93:0:2822:2047_1920x0_80_0_0_4d68513c66470e8703ec8cf17df2ab47.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
оқушы, олимпиада ойындары
оқушы, олимпиада ойындары
Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиадада 6 медаль жеңіп алды
17:31 12.12.2022 (жаңартылды: 16:03 09.08.2023) АСТАНА, 12 желтоқсан – Sputnik. Қазақстандық оқушылар физика, биология және химия пәндері бойынша халықаралық жасөспірімдер олимпиадасында 1 күміс және 5 қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.
IJSO зияткерлік жарысы 2-12 желтоқсан аралығында Богота қаласында (Колумбия) өтті. Оған әлемнің 60 елінен барлығы 300-ден астам оқушы қатысты.
Қазақстандық оқушылар былтырғы рекордты жаңартып, 2021 жылмен салыстырғанда құрама қоржынына 3 медаль артық салды.
Жүлдегерлерді оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов құттықтады.
"Халықаралық аренада оқушылардың жеңіс легі жалғасуда. Біздің жүлдегерлерді жоғары жетістіктерімен құттықтаймын! Жаңа жеңістер тілеймін! Биыл президенттің тапсырмасымен халықаралық пәндік олимпиадалардың жеңімпаздары ЖОО-да оқу үшін грант пен 4 млн теңгеге дейін қомақты ақшалай сыйақы алды. Мұндай олимпиадалардың тізімі тағы жетеуімен толықтырылады", - деді Аймағамбетов.
Айта кетері, биыл қазақстандық оқушылар ең беделді халықаралық пәндік олимпиадаларда 27 медаль жеңіп алып, жаңа рекорд орнатты. Сыйақының жалпы сомасы 73 млн теңгеден асты.