Өткен тәулікте 148 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

© AFP 2024 / NATALIA KOLESNIKOVAМедицина қызметкері
Медицина қызметкері - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.12.2022
Жазылу
АСТАНА, 12 желтоқсан – Sputnik. Өткен тәулікте коронавирус инфекциясы 148 адамнан анықталды. Бір күн бұрын 180 науқас тіркелген болатын.
Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, 12 желтоқсандағы мәлімет бойынша 1 855 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 263 пациент стационарда, 1 592 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
Науқастардың арасында:
9 адамның жағдайы ауыр,
2 пациенттің жағдайы өте ауыр,
2 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр.
Жаңалықтар
0