Білім

Оқушылардың каникулы қысқармайды – министрлік

© Sputnik / Владислав ВодневАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.12.2022
Жазылу
АСТАНА, 12 желтоқсан – Sputnik. Оқу-ағарту министрлігі әлеуметтік желіде тараған оқушылардың каникулы қысқарады деген ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.
Ведомствоның ақпаратынша, мемлекеттік мектептерде демалыс, сондай-ақ оқу жылының басталу және аяқталу мерзімі өзгермейді.
"Каникул кезеңі өзгеріссіз қалады, яғни оқу күндерінің саны көбеймейді, ал каникул кезеңі азаймайды. Қазақстандық оқушылар 175 күн оқиды. Каникул мен демалыс күндерінің жалпы ұзақтығы 190 күнді құрайды (кібісе жылды қоспағанда)", - деп түсіндірді министрлік.
Талқыланып жатқан құжаттың жобасы қамқоршылық кеңестердің келісімімен халықаралық және пилоттық мектептерге оқу жылының жалпы мерзімдерін реттеуге құқық береді. Бұған дейін осы мектептердің өкілдері оқу мерзімі мен каникул кезеңін өз бетінше анықтауға мүмкіндік беруді қолдаған болатын.
"Бұл ретте халықаралық және пилоттық мектептер (олардың саны өте аз) белгіленген оқу және каникул күндерімен (175 оқу және 190 демалыс күндері) шектеледі. Яғни, каникулды қысқарту туралы мәселе қаралып жатқан жоқ", - деп атап өтті оқу-ағарту министрлігі.
Ведомство мемлекеттік мектептер үшін оқу және каникул мерзімдері бекітілген нормалар аясында болатынын атап өтті.
2022-2023 жылғы оқу жылы 31 мамырда аяқталады, содан кейін каникул басталады.
Жаңалықтар
0