https://sputnik.kz/20221212/ministr-aqsholaqov-korshi-eldermen-gaz-odagyn-quru-maselesi-talqylangan-zhoq-30273122.html
Министр Ақшолақов: көрші елдермен газ одағын құру мәселесі талқыланған жоқ
Министр Ақшолақов: көрші елдермен газ одағын құру мәселесі талқыланған жоқ
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 12 желтоқсан – Sputnik. Энергетика министрі Болат Ақшолақов Қазақстан, Ресей және Өзбекстан елдерімен газ одағын құру мәселесі талқыланбағанын... 12.12.2022, Sputnik Қазақстан
2022-12-12T13:39+0500
2022-12-12T13:39+0500
2022-12-12T13:39+0500
газ
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/19/29730824_0:772:2266:2047_1920x0_80_0_0_a078cfc4f45f8ee704bd49c2cf925389.jpg
АСТАНА, 12 желтоқсан – Sputnik. Энергетика министрі Болат Ақшолақов Қазақстан, Ресей және Өзбекстан елдерімен газ одағын құру мәселесі талқыланбағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуінде Қазақстан, Ресей және Өзбекстанмен газ одағын құруды ұсынғаны хабарланған еді.Кейінірек Ақорданың баспасөз қызметі "үшжақты газ одағын" құру туралы келіссөздерге қатысты түсініктеме берді.Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібайдың айтуынша, Кремльде өткен Қазақстан мен Ресей президенттерінің келіссөзі барысында Қазақстан мен Өзбекстан территориясы арқылы Ресей газын тасымалдау жұмыстарын үйлестіру мақсатында құрамына Ресей, Қазақстан, Өзбекстан кіретін "үштік газ одағын" құру мәселесі қарастырылды.Тоқаев пен Путин барлық тараптың мүддесін ескеріп, осы мәселенің ұтымды шешімін табу үшін үш ел сарапшыларының қатысуымен егжей-тегжейлі келіссөз жүргізу қажет деп санайды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/19/29730824_0:11:2669:2012_1920x0_80_0_0_edd60f3280189530b59323834be77cdd.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
газ
Министр Ақшолақов: көрші елдермен газ одағын құру мәселесі талқыланған жоқ
АСТАНА, 12 желтоқсан – Sputnik. Энергетика министрі Болат Ақшолақов Қазақстан, Ресей және Өзбекстан елдерімен газ одағын құру мәселесі талқыланбағанын мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Үш елдің арасында одақ құру туралы әңгіме ешқашан талқыланған емес. Одақ құрамыз деген мәселе көтерген жоқпыз. Ресеймен немесе Өзбекстанмен. Ондай мәселе талқыланбаған", - деді Ақшолақов үкімет кулуарында.
Бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуінде Қазақстан, Ресей және Өзбекстанмен газ одағын құруды ұсынғаны хабарланған еді.
Кейінірек Ақорданың баспасөз қызметі "үшжақты газ одағын" құру туралы келіссөздерге қатысты түсініктеме берді.
Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібайдың айтуынша, Кремльде өткен Қазақстан мен Ресей президенттерінің келіссөзі барысында Қазақстан мен Өзбекстан территориясы арқылы Ресей газын тасымалдау жұмыстарын үйлестіру мақсатында құрамына Ресей, Қазақстан, Өзбекстан кіретін "үштік газ одағын" құру мәселесі қарастырылды.
Тоқаев пен Путин барлық тараптың мүддесін ескеріп, осы мәселенің ұтымды шешімін табу үшін үш ел сарапшыларының қатысуымен егжей-тегжейлі келіссөз жүргізу қажет деп санайды.