Даниал Ахметов әкім болудан шаршамағанын айтты

© Sputnik / Болат ШайхиновДаниал Ахметов
Даниал Ахметов  - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.12.2022
Жазылу
АСТАНА, 12 желтоқсан – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов әкім ретінде елге қызмет етуден еш шаршамағанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Үкімет кулуарында журналистер жуырда ШҚО әкімі болып қайта тағайындалған Ахметовтен "әкім болудан шаршаған жоқсыз ба?" деп сұрады.
"Біз неге шаршауымыз керек? Сіз өмірден шаршадыңыз ба? Жоқ. Мен де шаршаған жоқпын", - деп жауап берді облыс басшысы үкіметтің кеңейтілген отырысынан кейін.
"Саясатта ұзақ жүруіңіздің сыры неде?" деген сауалға "мұны мемлекет басшысынан сұраңыз" деп қысқа қайырды.
Жуырда президент облыс әкімдері арасында кадрлық ауыс-түйіс жасады. ШҚО әкімі Даниал Ахметов өз қызметінде қалды.
Ол Шығыс Қазақстан облысын 2014 жылдың қараша айынан бері басқарып келеді.
Жаңалықтар
0