Байханов Екібастұздағы жеке үйлерге үш күннің ішінде жылу беруді тапсырды

© Photo : Пресс-служба акима Павлодарской областиАсайын Байханов жедел штаб отырысын өткізді
Асайын Байханов жедел штаб отырысын өткізді - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.12.2022
Жазылу
НовостиTelegram
АСТАНА, 12 желтоқсан – Sputnik. Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов Екібастұзда жеке үйлерді жылуға қосу бойынша бірқатар тапсырма берді, деп хабарлады өңір басшысының баспасөз қызметі.
Жұмыс сапары барысында Асайын Байханов Екібастұз қаласының жеке секторындағы апаттық-қалпына келтіру жұмыстарымен танысып, жедел штаб отырысын өткізді.
Қазіргі кезде 24 жеке меншік үйге жылу берілді, қалған 29 үйді жылуға қосу бойынша жұмыстар жүріп жатыр.
Екібастұз қаласының әкімі Аян Бейсекиннің айтуынша желідегі де, үйлердің ішіндегі де жұмыстар тәулік бойы жүргізілуде. Көп қабатты үйлердің бәріне жылу берілді.
"Тұрғын үйлерге беріліп жатқан жылу режимдерінде ауытқу болғандықтан қазір жылумен қамтуды реттеу жүріп жатыр", - деп атап өтті Аян Бейсекин.
Облыс әкімі қалған үйлерді жылуға қосу жұмыстарын үш күннің ішінде аяқтауды тапсырды.
"ОАЭК" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Леонид Янушконың хабарлауынша, қазір олардың басты міндеті – жылумен қамту жүйесін реттеу.
Өңір басшысы станция тұрақты түрде жұмыс істеу үшін ауа райы жағдайына қарамастан температураны көтеріп, оны ұстап тұру қажет екенін атап өтті. Сондай-ақ ол "ОАЭК" АҚ басшылығының назарын станция қазандықтарының жағдайына бұрып, маусымаралық кезеңде күрделі жөндеу жүргізуді ұсынды.
"Біз өз тарапымыздан жылу желілерін жөндеу және жаңғырту бойынша қажетті көмек көрсетеміз, - деді облыс әкімі. – Алайда сіздер қысқа мерзім ішінде желілерді жаңғырту және қайта құру жобаларын өзектендіріп, сметалық есептеріңізді жаңартуларыңыз қажет. 2023 жылдың ақпан айына дейін соңғы нұсқаларды тапсыру керек".
Еске сала кетейік, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына Екібастұздағы өнеркәсіптік кәсіпорындардың 200-ден астам маманы тартылды.
Жаңалықтар
0