"Балалар Евровидениесі-2022": жеңімпаздардың есімі белгілі болды

© Sputnik / Aram NersesyanLissandro, "Балалар Евровидениесі-2022" жеңімпазы
Lissandro, Балалар Евровидениесі-2022 жеңімпазы - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.12.2022
Жазылу
Конкурсқа 16 елдің өкілі қатысты. Сонымен қатар кейінгі 20 жылдағы жеңімпаздар шақырылды
АСТАНА, 12 желтоқсан – Sputnik. "Балалар Евровидениесі-2022" байқауында дауыс беру рәсімі бірнеше сағат бұрын аяқталды. Финалда үшінші болып өнер көрсеткен қазақстандық қатысушы Давид Чарлин 50-ден аз дауыс жинады.
Еревандағы "Балалар Евровидениесі-2022" байқауында қазылар алқасы мен көрермендердің дауыс беру қорытындысы бойынша бірінші орынды Франция өкілі Lissandro иеленді. Екінші орынды армениялық қатысушы 14 жастағы Наре, үшінші орынды Грузия өкілі Мариам Бигвава алды.
"Балалар Евровидениесі-2022" байқауының жеңімпазы 13 жаста, ол Францияның солтүстік-шығысындағы ауылда дүниеге келген. Ол әртүрлі музыкалық жанрды жақсы көреді, бірнеше аспапта ойнайды, бес тілде ән айтады. Рок-н-роллды қатты жақсы көреді, ал оның сүйікті әншісі – Элвис Пресли.
"Мен өте қуаныштымын. Барлығыңызға рахмет", - деді жас француз.
11 желтоқсанда Еревандағы Карен Демирчян атындағы спорт-концерт залында "Балалар Евровидениесі-2022" ән байқауы өтті. Оған 16 елдің өкілі қатысты.
Қазақстандық Давид Чарлин "Балалар Евровидениесі-2022" байқауында "Жер Ана" әнін орындады.
Ұлыбритания мен Сербия өкілдері сырқатына байланысты өнер көрсетпеді.
Жаңалықтар
0