https://sputnik.kz/20221211/zhol-apatyna-tusken-zhedel-zhardem-koligi-nelikten-toqtamagany-belgili-boldy--video-30248606.html
Жол апатына түскен жедел жәрдем көлігі неліктен тоқтамағаны белгілі болды – видео
Жол апатына түскен жедел жәрдем көлігі неліктен тоқтамағаны белгілі болды – видео
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 11 желтоқсан – Sputnik. Павлодар облысындағы Ақсу қаласында жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырады. Бірақ дәрігерлер тоқтамай, комаға түскен адамды... 11.12.2022, Sputnik Қазақстан
2022-12-11T13:33+0500
2022-12-11T13:33+0500
2023-08-10T11:59+0500
жедел жәрдем
жол апаты
https://sputnik.kz/img/07e5/02/19/16391530_568:242:3779:2048_1920x0_80_0_0_340970e1db8bf4002edb76e92dbaf9b8.jpg
АСТАНА, 11 желтоқсан – Sputnik. Павлодар облысындағы Ақсу қаласында жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырады. Бірақ дәрігерлер тоқтамай, комаға түскен адамды ауруханаға жеткізді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Pavlodarnews.kz порталына сілтеме жасап.Әлеуметтік желіде жол апатының видеосы тарады. Бағдаршамның қызыл түсіне өтіп бара жатқан жедел жәрдемді бүйірінен көлік соққан. Ол бұрылайын деп тұрған тағы бір көлікке соғылды. Бірақ тоқтаған жоқ, алған бағытымен кете берді.Облыстық жедел жәрдем станциясы ұсынған ақпаратқа сәйкес, ол күні дәрігерлер комаға түскен науқасты әкеле жатқан. Оны шұғыл орталық қалалық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізу керек болған. Сол себепті жол апатынан кейін реанимобильді тоқтатпауға және ер адамды реанимацияға жеткізуге шешім қабылданыпты.Ал науқасты ауруханаға тапсырғаннан кейін медициналық топ апат болған жерге қайтып барды."Өкінішке қарай, бұл жедел жәрдем көлігі жол апатына түскен алғашқы жағдай емес. Мұндай жағдайлар ұзақ сот дауына ұласады, ал 103 қызметі соттың соңғы шешіміне дейін осындай қажетті көліктен айырылады", — дейді станция мамандары.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/02/19/16391530_969:360:3220:2048_1920x0_80_0_0_8de4cd2d6d84cc84674f62c85b082fb7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жедел жәрдем, жол апаты
Жол апатына түскен жедел жәрдем көлігі неліктен тоқтамағаны белгілі болды – видео
13:33 11.12.2022 (жаңартылды: 11:59 10.08.2023) АСТАНА, 11 желтоқсан – Sputnik. Павлодар облысындағы Ақсу қаласында жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырады. Бірақ дәрігерлер тоқтамай, комаға түскен адамды ауруханаға жеткізді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан Pavlodarnews.kz
порталына сілтеме жасап.
Әлеуметтік желіде жол апатының
видеосы тарады. Бағдаршамның қызыл түсіне өтіп бара жатқан жедел жәрдемді бүйірінен көлік соққан. Ол бұрылайын деп тұрған тағы бір көлікке соғылды. Бірақ тоқтаған жоқ, алған бағытымен кете берді.
Облыстық жедел жәрдем станциясы ұсынған ақпаратқа сәйкес, ол күні дәрігерлер комаға түскен науқасты әкеле жатқан. Оны шұғыл орталық қалалық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізу керек болған. Сол себепті жол апатынан кейін реанимобильді тоқтатпауға және ер адамды реанимацияға жеткізуге шешім қабылданыпты.
Ал науқасты ауруханаға тапсырғаннан кейін медициналық топ апат болған жерге қайтып барды.
"Өкінішке қарай, бұл жедел жәрдем көлігі жол апатына түскен алғашқы жағдай емес. Мұндай жағдайлар ұзақ сот дауына ұласады, ал 103 қызметі соттың соңғы шешіміне дейін осындай қажетті көліктен айырылады", — дейді станция мамандары.