https://sputnik.kz/20221211/pavlodarda-ortten-sabi-koz-zhumdy-30247573.html
Павлодарда өрттен сәби көз жұмды
Павлодарда өрттен сәби көз жұмды
Sputnik Қазақстан
Жеке меншік екі қабатты үйдегі өртті сөндіру кезінде бір жасар баланың денесі табылды 11.12.2022, Sputnik Қазақстан
2022-12-11T11:30+0500
2022-12-11T11:30+0500
2022-12-11T11:30+0500
өрт
павлодар облысы
https://sputnik.kz/img/07e6/0c/0b/30245277_0:0:1599:899_1920x0_80_0_0_ffa13d599359ef2dc6c1bd783dd49342.jpg
ПАВЛОДАР, 11 желтоқсан – Sputnik. Өрт шыққан үйде үш бала ересектердің қарауынсыз қалған, деп хабарлады Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.10 желтоқсан күні кешке 101 пультіне Усольский шағын ауданында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен. Кірпіштен салынған екі қабатты жеке үйдің бірінші қабатындағы екі орындық, бала орындығы, палас, екінші қабатқа апаратын ағаш баспалдақ жанған.Өрт кезінде үйде үш бала болған: 14 жастағы қыз және екі ұл – 5 және бір жасар. Өрт салдарынан кіші ұл көз жұмды.Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, шақыртуға апаттар медицинасы орталығының бригадасы қызмет көрсетті. Екі баланы ауруханаға жатқызудың қажеті болмаған, "күйзеліске жедел реакция" диагнозы қойылып, ата-анасының қарауына берілген.Өрт оқшауланып, сөндірілді. Өрттің алдын ала себебі – отты абайсыз қолдану.
павлодар облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0c/0b/30245277_0:0:1599:1199_1920x0_80_0_0_e0483a98ee5155882a2cacf9a4ba69d4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
өрт, павлодар облысы
Павлодарда өрттен сәби көз жұмды
Жеке меншік екі қабатты үйдегі өртті сөндіру кезінде бір жасар баланың денесі табылды
ПАВЛОДАР, 11 желтоқсан – Sputnik. Өрт шыққан үйде үш бала ересектердің қарауынсыз қалған, деп хабарлады Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
10 желтоқсан күні кешке 101 пультіне Усольский шағын ауданында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен. Кірпіштен салынған екі қабатты жеке үйдің бірінші қабатындағы екі орындық, бала орындығы, палас, екінші қабатқа апаратын ағаш баспалдақ жанған.
Өрт кезінде үйде үш бала болған: 14 жастағы қыз және екі ұл – 5 және бір жасар. Өрт салдарынан кіші ұл көз жұмды.
Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, шақыртуға апаттар медицинасы орталығының бригадасы қызмет көрсетті. Екі баланы ауруханаға жатқызудың қажеті болмаған, "күйзеліске жедел реакция" диагнозы қойылып, ата-анасының қарауына берілген.
Өрт оқшауланып, сөндірілді. Өрттің алдын ала себебі – отты абайсыз қолдану.